d) құрамның типі;
f) ұсынушы Тарапта құрамды қолданудың таралған және танылған түрлері;
g) қолайсыз салдарларды және пестицидтік құрамның қалай пайдаланғанын қоса алғанда, проблемаға қатысы бар оқиғаларды нақты сипаттау;
h) ұсынушы Тарап қабылдаған немесе күтілетіндей қабылданатын кез-келген регламенттеуші, әкімшіліктік немесе өзге шаралар.
2 бөлім Жинақталуын хатшылық жүзеге асыратын ақпарат
6-баптың 3-тармағына сәйкес хатшылық құрамға қатысты тиісті ақпараттың жинақталуын жүзеге асырады, қоса алғанда:
а) құрамның физикалық-химиялық, уыттылық және экоуыттылық қасиеттерін;
b) басқа мемлекеттердегі қайта өңдеуге немесе қолдануға қатысты шектеудің барлығы туралы ақпаратты;
с)басқа мемлекеттердегі құраммен байланысты оқиғалар туралы ақпаратты;
d) басқа Тараптар, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар немесе ұлттық, сонымен бірге халықаралық басқа тиісті көздердің желісі бойынша ұсынған ақпаратты;
e) тәуекелдік және/немесе қауіптілік бағасын;
f) егер, мұндай бар болса, құрамның қолданылу ауқымы, мысалы өндіріс немесе сату тіркеуінің саны немесе көлемі туралы куәландыратын ақпаратты;
g) егер, мұндай бар болса, қаралатын пестицидтердің басқа құрамдарын және осы құрамдармен байланысты оқиғаларды,
h) ауыл шаруашылық зиянкестерімен күрестің ұқсас әдістері;
і) осы мәселеге қатысы бар Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет анықтайтын басқа ақпаратты.
3 бөлім Аса қауіпті пестицидтер құрамын
III қосымшаға қосу критерийi
Химиялық заттарды қарау жөніндегі комитет 6-баптың 5-тармағына сәйкес хатшылық жіберген ұсыныстарды қарау кезінде мынадай факторларды назарға алады:
а) ұсынушы Тарап шеңберінде кең таралған немесе қолданылған танымал тәжірибеге сәйкес жүзеге асқан құрамның пайдаланылуы туралы куәландыратын деректер сенімділігінің тіркелген оқиғаларға алып келгенін;
b) ұқсас климаты, жағдайлары және құрамды пайдалану сипаты бар басқа мемлекеттер үшін осындай оқиғалардың өзектілігін;
с) тиісті инфрақұрылымы жоқ мемлекеттерде тиімді немесе кеңінен қолданылмауы мүмкін технологиямен немесе әдістермен байланысты қайта өңдеуді немесе қолдануды шектеудің бар болуын;
d) пайдаланылған құрам көлемі тұрғысынан тіркелген салдарлардың маңыздылығын; және
e) алдын ала болжанған бұрыс пайдалану сол немесе өзге құрамды III қосымшаға қосу үшін жеткіліксіз негіз болып табылмайтынын.
САРАПТАМА ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА БАР АҚПАРАТҚА
ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР
1. Сараптама туралы хабарлама мынадай ақпараттан тұрады:
а) экспорттаушы Тараптың және импорттаушы Тараптың тиісті тағайындалған ұлттық органдарының атауы және мекен-жайы;
b) импорттаушы Тарапқа экспорттық жеткізуді жүзеге асырудың болжамды күні;
с) тыйым салынған немесе қатаң шектелген химиялық заттардың атауы және 5-бапқа сәйкес хатшылық ұсынуы тиіс І қосымшада көрсетілген ақпараттық материалдар резюмесі. Қоспада немесе құрамда осындай химиялық заттардың біреуі бар болса, осындай ақпарат әрбір химиялық затқа ұсынылады;
d) егер, ол белгілі болса, химиялық заттың болжамды санаты және оның импорттаушы Тарапқа осы санат шеңберінде пайдаланудың болжамды түрі көрсетілген өтініш;
e) әсер етуді және химиялық зат шығарындысын қысқартуға бағытталған сақтанудың шаралары туралы ақпарат;
f) қоспа немесе құрам болған жағдайда, осы тыйым салынған немесе қатаң шектелген заттың шоғыры көрсетіледі;
g) импорттаушының атауы және мекен-жайы;
h) импорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органына көмектесе алатын экспорттаушы Тараптың тағайындалған ұлттық органында бар кез-келген қосымша ақпарат.
2. 1-тармақта ескерілген ақпарат сияқты экспорттаушы Тарап импорттаушы тарап сұратуы мүмкін 1-қосымшада анықталған осындай қосымша ақпаратты ұсынады.