«Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 Қаулысы (2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

(Wi-Fi) сымсыз байланысы арқылы Интернет желісіне қол жетімділігін беруді дамытуды қамтамасыз ету талап етіледі.

Компьютерлік техниканы сатып алу үшін халыққа жағдайлар жасау мақсатында ақпараттық технологиялар Паркінің базасында құны бойынша қол жетімді компьютерлерді шығару жоспарлануда, сондай-ақ, олармен компьютерлік техниканы сатып алған кезде азаматтарды eкінші деңгейдегі банктермен немесе өзгеде қаржылық ұйымдармен жеңілдік несиелеу.

 

5.7. Отандық АТ-сы мамандарын даярлау

 

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасындағы маңызды бағыт АКТ саласындағы отандық жоғары білікті кадрлық әлеуетті даярлау болып табылады.

Осы бағыттағы негізгі міндеттер - АКТ саласындағы мамандардың номенклатурасын анықтау мен кеңейту, ақпаркоммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар мен педагогтық кадрлардың фундаменталді даярлау білімін жетілдіру, АКТ саласындағы Қазақстанның ғылыми әлеуетін дамыту, АКТ саласындағы жоғарғы білім мен ғылымды біріктіру, ЖОО және мектептерде ақпаркоммуникациялық технологиялар жөніндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру, ЖОО және мектеп оқушыларының өмірінде АКТ рөлін арттыру, білімі жоғарғы софтверлік компаниялармен және компьютерлік техниканы шығарушылармен кәсіби-техникалық мекемелердің ынтымақтастығы үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Отандық АТ-саласындағы қажеттілік өсімінен AT-сы мамандарын даярлау қарқынының қалып қоюын қысқарту, сондай-ақ мамандандырылған АТ-кадрларын (тестілеушілердің, АТ-жобалары менеджерлерінің және басқа да компьютерлік мамандарды) даярлау және біліктілік деңгейін жоғарылату мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:

менеджменттер мен ақпараттық технологиялар саласында қашықтықтан және күндізгі оқытудың оқу-консалтингтік орталығын құру;

қазақстандық ақпаратты-білімдік ақпараттық технологиялар Интернет университетін ұйымдастыру;

АКТ саласындағы жетекші білім, тренингтік ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 5.8.  бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.8. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруде

азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру

 

Осы бағыттағы негізгі мақсат ақпаратты-коммуникациялық технологияларды игеруге азаматтардың қызығушылығын ынталандыру болып табылады. Қойылған мақсат Интернет желісінде электрондық сервистер саласын кеңейту есебінен қазіргі заманғы АКТ игеру мен компьютерлік сауаттылыққа оқуда, халықтың тұтынушылығын арттыруға бағытталған шаралар жүйесін құру жолымен жететін болады:

ақпаратты-танымдық, ақпараттық көңіл көтеру порталдарында ақпараттық ресурстардың зияткерлік іздестіру жүйесін әзірлеу;

республикалық және облыстық БАҚ-тың меншікті интернет-ресурстарын құру және өзектіленуінің мониторингі мен бақылауын ұйымдастыру;

индустрия және сауда саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;

заңды тұлғалардың ақпараттық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;

ақпараттық технологиялар саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;

«Ұлттық-мұра» ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;

«Қазақстанның кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапханалық қорын қалыптастыру;

денсаулық сақтау саласындағы ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету;

қазақстандық білім беру ақпаратты-танымдық веб-порталын құру және өзектіленуін қамтамасыз ету.

Компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін халықты тарту мақсатында қосымша ынталандыруды құру жоспарлануда:

тыңдаушыларға 10 сағат Интернет желісінде тегін жұмысты беру;

кез келген күрделі деңгейдегі сертификаттаудан өткен компьютерлік сауаттылық курстарын тыңдаушылар үшін компьютерлік техниканы, компьютерлік әдебиеттерді және Интернет желісінің қызметтерін сатып алған кезде шегерімдерінің жүйесін енгізу;

«электрондық үкімет» порталында журналдың электрондық болжамасын орналастыру және (қазақстандық сайттардың каталогы) «Қазақстанның сары беттері» журналын шығару.

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 5.9  бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.9. Бағдарлама іс-шараларының орындалуына қоғамдық

қолдауды қалыптастыру

 

Осы бағыт шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда:

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету жөнінде халықаралық сараптамашылардың қатысуымен бейнеконференцияларды, семинарларды өткізу;

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысында БАҚ (жарнамалық материалдар, PR-мақалалар, ТД-роликтері, баспаматериалдары - үндеу хаттар, плакаттар және интернет-ресурстар) арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жария ету;

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Қазақстанның статистикалық жылнамасында компьютерлік сауаттылықтың және Интернетті пайдаланушылардың көрсеткіштерін жариялау;

қазақстандық интернет-ресурстардың мемлекеттік және мемлекеттік емес конкурстарын өткізу;

өңірлерде ақпараттық технологиялардың айлығын жүргізу:

Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша дөңгелек үстелдерді өткізу;

ақпараттық технологиялар мамандарының лауазымының бос орындарына жәрмеңкелерді және АКТ бойынша көрмелерді ұйымдастыру;

жоғарғы оқу орындарында, колледждерде, кәсіби мектептерде және мектептерде бағдарламалау бойынша конкурстарды ұйымдастыру;

шектелген мүмкіндіктерімен ауыл халқы мен адамдарды Интернет желісіне тегін қол жеткізуін қамтамасыз ету;

компьютерлік курстарын тегін оқытуды жүргізу;

шектелген мүмкіндіктерімен оқушылар, студенттер және адамдар үшін құны 50%-ғa төмендетілген компьютерлерді сату бойынша акция;

АТ-сы мамандарын даярлауды қамтамасыз ететін техникалық жоғарғы оқу орындарында "Ашық есіктер" күндерін өткізу.

 

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздерi

 

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен жүзеге асырылады.

Жоспарланған іс-шаралардың есебі бойынша және сараптамалық баға негізінде Бағдарламаның жалпы құны: 15 584 676 мың теңгені құрайды, республикалық бюджет қаражатынан қаржыландыру көлемі 13 701 595 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

2007 жылға - 4 901 052 мың теңге,

2008 жылға - 4 398 361 мың теңге;

2009 жылға - 4 402 182 мың теңге

және жергілікті бюджет - 1 883 081 мың теңге, оның ішінде жылдар бойынша:

2007 жылға - 588 633 мың теңге,

2008 жылға - 647 224 мың теңге;

2009 жылға - 647 224 мың теңге.

Көрсетілген шығыстар сервистік жүйелі-техникалық қызмет көрсетуге және Интернет қызметінің ағымдағы шығынына 1 124 804 мың теңге көлемінде кіреді, оның ішінде жылдар бойынша:

2007 жылға - 269 042 мың теңге;

2008 жылға - 426 040 мың теңге;

2009 жылға - 429 722 мың теңге.

Осы бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында қаржыландыру көлемі кесінді бағытында көрсетіледі.

Бағдарламаға түзету енгізу Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемінің өзгерту бөлігінде жүзеге асырылады.

Қаржыландырудың мөлшері тиісті қаржылық жылға республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастырған кезде анықталатын болады.

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

 

Бағдарламаны табысты іске асыру Қазақстанға мынадай көрсеткіштерге жетуіне мүмкіндік береді:

1) Қазақстан халқының компьютерлік сауаттылығы 20%-дан төмен емес, ол ағымдағы жағдайдан 15,7%-ғa асып түседі;

2) Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар халықтың жалпы санынан 20%-дан төмен емес, бұл қазіргі сәттегіден 17,2%-ға жоғары;

отандық АТ-сы мамандарының кәсіби сапаларын арттыру;

Интернет желісінің қазақстандық сегментін өзектіленген және танымдық ақпаратпен толықтыру;

Интернет желісін пайдаланудың арзан тарифтік жоспарларымен және халықты құны бойынша қол жетімді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету;

барынша пайдалануға бағытталған «электрондық үкіметтің» қызметтерімен Қазақстан халқын белсендіру.

Осы көрсеткіштерге жету қоғамның инфрақұрылымын дамытуға және Қазақстанды индустриалдық қоғамнан индустриалдан кейінгі - ақпараттық-қоғамға даярлауға жәрдемдеседі.

 

ҚР Үкіметінің 2007.07.11. № 1058 (бұр.ред.қара); 2008.08.05. № 435 (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді 

8. Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің

2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары