«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 48 Бұйрығы (күші жойылды)

«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 14 қыркүйектегі № 48 Бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36 бұйрығымен күші жойылды

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алуды жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:

1. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2741 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2004 ж., № 13-16 915 бап. жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған, тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алу туралы Нұсқаулықта:

7-тармақта «жауаптылыққа» сөздерінен соң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес» сөздерімен толықтырылсын;

8-тармақта:

бірінші азат жолда «жаза салу туралы актінің көшірмесін міндетті түрде қосу арқылы» сөздері алып тасталсын;

1) тармақшада «кідірмей» сөзі «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы істі (материалды) қарау жөніндегі хабарламаны алған сәттен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде» сөздерімен ауыстырылсын;

2) тармақшада:

«кідірмей» сөзі «3 жұмыс күнінің ішінде» сөздерімен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.