Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының 2006 - 2024 жылдарға арналған орнықты
дамуға көшу тұжырымдамасы туралы
ҚР Үкіметінің 2006.12.10. № 981 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2006 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз қызметінде Тұжырымдаманың ережелерін басшылыққа алсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы "__"_______
№_____ Жарлығымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының 2006 - 2024 жылдарға арналған