«Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы
11 желтоқсандағы № 437 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 371 Бұйрығы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес бұйырамын:
1. «Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 11 желтоқсандағы № 437 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, «Ресми газетте» 2005 жылғы 19 ақпанда № 8 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: