“Қазақстан Республикасының сот сараптамасы
жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 Қаулысы
(2005.13.08. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз сот сараптамасы жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын.
ҚР Үкіметінің 2005.13.08. № 842 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесiп, 2005 жылдың 3 тоқсанда көрсетiлген Тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының