Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу;
елден тысқары жерлерге іссапарлар;
Қазақстан тауарларын сыртқы рыноктарға жылжыту, 2006 жылға Қазақстан Республикасының сегіз халықаралық көрмеге қатысуы жоспарланған, сондай-ақ "ЭКСПО-2008, Сарагоса" және "ЭКСПО-2010, Шанхай" халықаралық көрмелерінде қазақстандық павильондардың эскиздерін және жұмыс жобаларын әзірлеу. Әрбір жоспарланған іс-шараға көтерме және бөлшек сауданың орта есеппен 50 қазақстандық кәсіпорындарын қатыстыру;
жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қатысу бөлігінде 148 келісім-шарт міндеттемелерінің орындалу мониторингі; 1 ақпараттық жүйені құру және тұрақты жүргізу; жер қойнауын пайдалану жобаларында қазақстандық қатысуды ұлғайту жөніндегі кемінде 4 облыстық көшпелі семинарлар өткізу;
Мына тақырыптар бойынша сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру:
- шағын кәсіпкерліктің қаржы-кредиттік секторын дамыту - кемінде 10 адам; салық салу - кемінде 15 адам; дамыған елдердің индустриялық саясаты - кемінде 10 адам; мемлекеттік тілді оқыту - 97 адам, ағылшын тілін оқыту кемінде 46 адам; халықаралық деңгейдегі сарапшы аудиторлардың атағына кемінде 40 адам дайындау;
мына жабдықтарды сатып алу: тауарлардың массасын айқындау үшін - № 1 жұмыс жиынтығы (3 бірлік); - тауарлардың тығыздығын айқындау үшін - № 2 жұмыс жиынтығы (3 бірлік); - технологиялық автокөлік (кемінде 5 бірлік); кемінде 14 бірлік арнайы автокөлік (жылжымалы зертхана). Шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; 2006 жылға арналған материалдық-техникалық жарақтандыру жалпы қажеттіліктің, 50 %-ын, ұйымдық техникамен жарақтандыру жалпы қажеттіліктің 75 %-ын құрайды.
Министрліктің қызметкерлерін Интернет желісіне ену қызметтерімен қамтамасыз ету. Есептеу техникаларына техникалық қызмет көрсету. Мына жергілікті міндеттер мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу: СТК және СФС бойынша Дүниежүзілік сауда ұйымымен өзара іс-қимыл жасау; Техникалық реттеу және стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қоры;
Веб-сайт құру;
Қазақстан Республикасының РФ-дағы сауда өкілдігі үшін микроавтобус - 1 бірлік; компьютер кемінде 2 бірлік, басшы үшін 1 бірлік жиһаз сатып алу;
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі процесі туралы 12 санда кәсіпқой аудармашылардың, телебағдарламалар мен сюжеттерді дайындау және тарату жөніндегі қызметтерді сатып алу;
Радио-Интернет - 1 бірлік, факс аппараты - 1 бірлік, ноутбук - 1 бірлік, ұйымдастыру техникалары - 4 бірлік, сервер, дерекқорлар - 1 бірлік, компьютер үстелдері - 4 бірлік, принтерлер - 2 бірл., сканерлер -1 бірлік сатып алу, бұл қажеттілікті 100 %-ын құрайды.
Түпкілікті нәтиже:
2005 жылы ИСО 9001 халықаралық стандарттарынан өткен Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының барлық саны 409-ды құрайды, 2006 жылы күтілетін күтім - 20 %;
экономиканың шикізаттық емес секторына ірі шетел инвесторларын тарту;
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын одан әрі өсіру үшін жағдайлар жасау;
мемлекет мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету;
барлық өлшемдер түрлерін шынайы есепке алуды қамтамасыз ету;
экспортты жылжыту мәселелері бойынша отандық тауар өндірушілердің хабардар болуын арттыру;
отандық тауар өндірушілердің алыс және жақын шетел компанияларымен тиімді келісім-шарттар және шарттар жасасуы (бұрын өткізілген көрмелер тәжірибесін ескере отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50 %-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет);
шағын кәсіпкерлік субъектілер санын 692,6 мыңнан 734,0 мыңға дейін ұлғайту;
тауар рыноктарының шоғырлану деңгейін, 25 тауар көрінісі бойынша тауар рыногының құрылым деңгейінің көрсеткіштерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасы мен алыс, жақын шетелдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру салдарын бағалау есебі.
Қаржы-экономикалық нәтижелері:
Қазақстанның жақсы тауарлары конкурсына 1 қатысушыны тартуға кететін орташа шығын - 175 мың теңге;
1 кадастрды жүргізуге және басуға кететін орташа шығын - 48,5 мың теңге;
1 аттестациялық зерттеу жүргізуге кететін орташа шығын - 24,1 мың теңгені құрайды;
сапа менеджментін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кететін орташа шығын 4700,0 мың теңгені құрайды.
лицензияның 1 бланкісін дайындауға кететін орташа шығын - 0,45 мың теңге;
сатып алуға кететін орташа шығын 0,595 мың теңге, сынау - 3,4 мың теңге;
1 аумақтың бөлімше үшін сапа менеджментін әзірлеуге, енгізуге және сертификаттауға кететін орташа шығын - 1875,0 мың теңгені құрайды; кез келген түрде орамадағы қатталған тауарлардың санын қадағалау бойынша 1 метрологиялық аспапты сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 1851,0 мың теңгені құрайды;
жылжымалы зертхананы сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 9312,0 мың теңгені қурайды;
технологиялық көлікті сатып алуға кететін орташа шығын кемінде 1346,0 мың теңгені қурайды;
КМҚ-ты 3500,0 мың теңгеге сүйемелдеу;
ДСҰ-мен техникалық кедергілер жөніндегі өзара іс-қимыл бойынша ақпараттық орталық жүйесін сүйемелдеу - 5500 мың теңге; инвестицияларды қолдау жөніндегі 1 семинар, саммитке кететін шығын 400 мың теңгені, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін ШИС 3310 мың теңгені, 1 жарнамалық-ақпараттық өнімді басуға кететін шығын - 3,8 мың теңгені құрайды;
шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайту кемінде 35 %;
бұрын өткізілген тәжірибелерге сілтеме жасай отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50 %-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет, бұл қазақстандық экспорттың құрылымын жақсартуға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту және түрлерді ұлғайту негізінде кәсіпорындардың экспорттық тиімділігін және ауқымын арттыруға мүмкіндік береді;
1 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығын - 15,2 мың теңге; 1 мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға кететін орташа шығын 13,5 мың теңге; ағылшын тіліне - 15,0 мың теңге; 1 сарапшы - аудиторды дайындауға кететін орташа шығын 635,0 мың теңге; республика өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелері бойынша 1 семинар, тренинг және оқыту курсын өткізуге жұмсалатын орташа шығын 3434 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы:
жүктелген функцияларды уақтылы орындау. Қоғамдастыққа Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері туралы уақтылы хабар беру және экономиканың басым кластерлерін дамыту;
техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес, республиканың өңірлерінде шетелдік сарапшыларды тарта отырып, экспорттық жылжыту мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер және оқыту курстарын өткізудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы:
қазақстандық тауарларды сыртқы рыноктарға экспорттық жылжыту үшін жағдайлар жасау, қазақстандық кәсіпорындардың жүргізілген іс-шаралардың ұйымдастырылуынан қанағаттану деңгейі, БАҚ-та басылымдар, көрменің сәтті өткізілгені туралы пікірлер. Қазақстандық қатысуды ұлғайту;
техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес;
инвесторларды инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралар туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету;
қазіргі заманғы экономикалық шарттарға сәйкес, кәсіптік мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру.
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
327-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредиттер беру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 22000000 мың теңге (жиырма екі миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының "Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын" орындаудың желілік кестесінің 35-тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қалың топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамытудың проблемаларын кешенді шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: рыноктың тарабынан да және сұраныс тарабынан да тұрғын үйдің толыққанды теңгермелі рыногын құру;
халықтың қалың топтары үшін ипотекалық кредиттер беру мен тұрғын үй құрылыс қорланымдарының қолжетімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: