(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Предыдущая страница

- ауруларды диагностикалау және емдеу, еңбек жағдайының және адамдар тұрмысының қауіпсіздігін бақылау, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезінде дұрыс өлшемдер нәтижелерін қамтамасыз ету;

- ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өнімдердің, қызметтердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға әкелетін іс-әрекеттерді болдырмауды қамтамасыз ету;

- саудадағы техникалық бөгеттерді жою;

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, республикадағы техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау және кодтау жүйесін дамыту;

- техникалық реттеу саласында және өнімдер мен процестерді қамтамасыз ету бойынша техникалық заңнама жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Түпкілікті нәтиже:

- мемлекеттік эталондарды құру үшін кемінде 10 бірлік санда эталондық жабдық сатып алу;

- эталондарға қызмет көрсету, халықаралық семинарларда кемінде 7 маманның біліктілігін арттыру, жабдыққа сервистік қызмет көрсету, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық үшін қосымша жабдықты сатып алу, жеткізу, жөндеу, іске қосу-тексеру;

- салыстыру зертханаларын құру және өлшеу құралдары үшін салыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

- кемінде 14 метрологиялық қызметтердің өлшеу құралдарын салыстыру мен калибрлеудің нәтижелерін зертханааралық салыстыруларды ұйымдастыру және жүргізу;

- климатикалық және механикалық сынақтар, электр қауіпсіздігі, электрлі магниттік бірлесуі сынақтары бойынша сынақтық зертханаларды ұйымдастыру және жарақтандыру, сынақтық, өлшеу

және қосымша жабдықты сатып алу, өлшеу зертханаларының кемінде 3 зертханаларды өлшемдердің нәтижелерін әлемдік рынокта тануға аккредиттеу үшін сараптамалық қорытынды алуы және халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 30 маманды оқыту;

- мемлекеттік стандарттарды талдау мен жүйелендірудің нәтижесінде кемінде 100 мемлекетаралық стандарттарға (МЕМСТ-тарға) қосылу;

кемінде 120 негіз қалаушы мемлекеттік стандарттарды, өнімдер мен процестерді бақылау мен сынау әдістерінің стандарттарын қоса ала отырып, әзірлеу;

- ТЭЗ он жіктеуіштерін жүргізу, Техникалық-экономикалық ақпараттарды мемлекеттік жіктеушілер депозитарийінің қалыпты жұмыс істеуін қолдау;

- бұрын басталған техникалық реттеу саласындағы 8 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және техникалық регламенттің мемлекетаралық модельдерінің 1 жобасын әзірлеу, Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық кеңеске Қазақстанның Техникалық реттеудің

мемлекетаралық модельдеріне қосылуы туралы дауыс берудің 5 бюллетеньдерін ұсыну.

Түпкілікті нәтиже:

- Эталондық орталықтың технологиялық жабдығының үздіксіз және апатсыз жұмыс істеуі;

- эталондармен кемінде 50 % өлшем түрлерін (жалпы өлшем түрлері - 17) қамтамасыз ету;

- Қазақстанды Өлшемдердің-қаттылықтың бір түрі бойынша өлшемдер мен салмақтардың халықаралық бюросының бастапқы салыстырулар деректер базасына қосу;

- азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның жағдайын және сауда-коммерциялық операцияларды бақылау кезінде пайдаланылатын өлшем құралдарының кемінде 30 % салыстыруларын қамту;

- метрологиялық қызметтердің салмағы бойынша - кемінде 20%, қысымы бойынша - кемінде 10%, температурасы бойынша - кемінде 15 % зертханааралық салыстырулармен қамтамасыз ету;

- кәсіпорындардың электрлі өлшемдер саласында кемінде 80 % сынақтық базамен, халықаралық талаптарға сәйкес кемінде 0,002 % зертханаларды аккредиттеумен қамтамасыз етілуі;

- мемлекетаралық және халықаралық стандарттарға көшу үшін жағдайлар жасау, 2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік стандарттардың 43%-дан 54%-ға дейін үйлесімдендіру деңгейін арттыру;

- техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіштерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;

- техникалық заңнаманы Саудадағы техникалық бөгеттер бойынша ДСҰ туралы келісімнің ережелеріне сәйкестендіру, сол арқылы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жағдай жасау.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

- Эталон орталығын ұстауға шығындар айына орташа алғанда - 12,5 млн.-нан 15,2 млн. теңгеге дейін;

- эталондарды құруға шығындар, эталонның орташа құны 10 млн.-нан 110 млн. теңгеге дейін;

- 1 эталонды ұстауға шығындар, жылына орташа алғанда - 2 499,0 мың теңге;

- салыстыру зертханаларын құруға шығындар, 1 салыстыру зертханасының орташа құны 1 млн.-нан 35,0 млн. теңгеге дейін;

- зертханааралық салыстыруларды жүргізуге шығындар, бір салыстыруды жүргізуге орташа алғанда 500,0 мың теңге;

- өлшеу зертханаларын және мемлекеттік сынау орталығын құруға шығындар, оның ішінде 1 маманды орташа алғанда дайындауға - 700 мың теңге, 1 өлшеу зертханасын аккредиттеуге орташа алғанда - 4 млн. теңгеге дейін.

- 1 негізін қалаушы мемлекеттік стандартты әзірлеуге шығындар - 958,1 мың теңге; стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы НҚ-ны сатып алу орташа алғанда - 18,6 мың теңге;

- ТЭЗ мемлекеттік жіктеуіштерін өзектендіруге шығындар орташа алғанда - 1 бірлікке 415,7 мың теңге;

- 1 нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге шығындар орташа алғанда 1 000,0 мың теңге, техникалық регламенттің мемлекетаралық модельдерінің 1 жобасын сараптауға орташа алғанда - 1 000,0 мың теңге.

Уақтылығы:

- жұмыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес.

Сапа:

- халықаралық стандарттарға көшуді жүзеге асыратын отандық кәсіпорындардың сын-пікірлері;

- отандық бәсекеге қабілетті өнімдердің көлемін ұлғайту;

- тұтынушыларды отандық өнімдердің сапасымен және қауіпсіздігімен қанағаттандырудың дәрежесі;

тұтынушыларды шамалар мен салмақтарды өлшеудің дәлдігімен қанағаттандырудың дәрежесі.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

338-қосымша

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру"

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 175011 мың теңге (бір жүз жетпіс бес миллион он бір мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңының 12-бабы;

"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы, "Қазақстан Республикасындағы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 28 және 29-баптары, "ТМД елдері шеңберіндегі келісімдер мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 540 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Құрылыс саласын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін, қазіргі заманғы мемлекеттік нормативтермен, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрылысы салынатын ауылдық аймақ үшін әлеуметтік инфрақұрылымдардың негізгі объектілерінің құрылысына арналған үлгілік жобалармен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді, сонымен катар жобалық ұсыныстарды, үдемелі материалдарды, инженерлік жабдықтарды және тұрғын үй-азаматтық және өнеркәсіптік

құрылыстағы технологияларды пайдалана отырып, жобалық ұсыныстар, техникалық шешімдер әзірлеу және қайта әзірлеу;

құрылыс саласын мемлекеттік тілдегі мемлекеттік нормативтермен қамтамасыз ету;

ТМД елдерінің өзара мүдделері бар объектілерді жобалау және салу үшін нормалардың талаптарына үйлестірілген стандарттарды, мемлекетаралық нормаларды және ережелерді, біздің заңнамалық базамызға бейімделген нормативтерді сатып алу;

тұрақтылық, беріктік, жарылыс-өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету проблемалары бойынша іздестіру, жобалау, салу үшін жалпы техникалық нормативтік құжаттар базасын қалыптастыру.

сметалық-нормативтік құжаттаманы жетілдіру және сметалық нормалардың нормативтік базаларын кеңейту;

әртүрлі табиғи-климаттық және сейсмикалық жағдайлары бар аудандарға арналған қазіргі заманғы үлгілік жобаларды және басшылыққа алатын құжаттарды әзірлеуді аяқтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: сметалық-нормативтік құжаттардың 28 жинағын қайта әзірлеу, "SA№A-2001" бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңейту және толықтыру;

сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы 4 нормативтік-техникалық құжаттар:

кемінде 8 бірлік нормативтік-техникалық құжаттарды, оның ішінде 6 бірлік жаңа тақырыптар бойынша әзірлеу.

әлеуметтік инфрақұрылым объектілері құрылысының 21 үлгілік жобаларын әзірлеуді аяқтау;

30 бірлік нормативтік-техникалық құжаттардың мемлекеттік тілдегі аудармасы;

3 ҚНмЕ-лерді қайта әзірлеу және 2007 жылға ауысатын Қазақстан Республикасының ҚНмЕ-леріне оқу құралдарын әзірлеу;

МНТКС шеңберінде 10 бірлік санда мемлекетаралық нормативтік-техникалық құжаттарды сатып алу;

Түпкілікті нәтиже: сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді жетілдіру, Еуростандарттарға сәйкес келетін құрылыс өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

Бір нормативтік-техникалық құжатты әзірлеудің құны 850-ден және 1700 мың теңгеге дейін, бір үлгілік жоба - 4 300 мың теңге. Денсаулық сақтау, білім беру объектілерін жобалау және құрылысы кезінде мемлекеттік шығындарды оңтайландыру, оңтайлы жобалық шешімдерді алу.

Уақтылығы: бекітілген тақырыптық жоспарға сәйкес.

Сапа: дамыған елдердің техникалық регламенттеріне сәйкес келетін құрылыстағы мемлекеттік нормативтерді қолданысқа енгізу, республиканың құрылыс кешенін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін және сауда-экономикалық қатынастардағы тосқауылдарды болдырмайтын мемлекетаралық нормалармен және стандарттармен қамтамасыз ету, үлгілік жобалардың мемлекет пен халықтың жан жақты шығындар деңгейін азайту және әлеуметтік инфрақұрылымдардың көптеген объектілерін жобалау мен құрылысына негізсіз шығыстарға жол бермеу мәселелеріндегі мүдделерін қорғауды болжайтын жаңа буынын әзірлеу.

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 338-1-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

338-1-қосымша

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

 

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

015 «Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Теміртау

қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға берілетін

нысаналы даму трансферттері» деген республикалық

бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 335000 мың теңге (үш жүз отыз бес миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Экономиканың басымды секторларындағы пилоттық кластерлерді құру және дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 663 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысының 9-тармағы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Металлургия» кластері шеңберінде индустриялық аймақты құру жолымен жаңа өндірістерді құру есебінен металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижесі: Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инфрақұрылымын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу.

түпкілікті нәтиже: Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Металлургия» кластері шеңберінде индустриялық аймақты құру жолымен жаңа өндірістерді құру есебінен металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық паркті пайдалануға беру.

Қаржылық-экономикалық тиімділік:

металлургия және металды қайта өңдеудегі өндірістің тұрақты өсуі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес түпкі өнімдердің экспортына бағытталған жаңа өндірістерді Қазақстанда; металлургия саласында бірлескен кәсіпорындарды құру мен дамыту.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстың жоспар-кестесіне сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

339-қосымша

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2006 жылға арналған

"Жаңа технологияларды құру және дамыту"

деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 130000 мың теңге (бір жүз отыз миллион теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Экономиканың басым секторларындағы пилоттық кластерлерді құру және дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату  және өңдеуші өнеркәсіпте жаңа өндірістер құру үшін анағұрлым перспективалық бағыттарды айқындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өңдеуші өнеркәсіптер мен пилоттық кластерлер салалары қатарының даму бағыттарын айқындау бойынша маркетингтік және конъюнктуралық зерттеулер жүргізу; өңдеуші өнеркәсіптің тиісті салаларының қатарына, олардың даму, кеңейту немесе әртараптандыру мәніне анықталған басымдықтарының технологиялық зерттеулер жүргізу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Өнеркәсіп салаларының маркетингтік, конъюнктуралық және технологиялық зерттеулері бойынша кемінде 5 талдамалық есептерді әзірлеу.

Түпкілікті нәтиже: талдамалық есептердің ұсынымдарына сәйкес жаңа өндірістерді құру туралы шешім қабылдау мақсатында мүдделі тараптарға (кәсіпкерлік құрылымдарға, мемлекеттік органдарға және басқаларға) зерттеулердің нәтижелерін беру.

Қаржы-экономикалық тиімділік: 1 есепке және орындау сапасын бағалауға орташа есеппен 26 млн. теңге шығындар.

Уақтылық: жасалған шарттардың техникалық тапсырмаларына сәйкес.

Сапа: үшінші тарапқа орындалған жұмыс сапасы туралы қорытынды беру үшін орындалған талдамалық есептерді жіберу есебінен қамтамасыз етіледі.

 

ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 339-1-қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

339-1-қосымша

 

233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi   

 

   Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ жарғылық капиталын

қалыптастыру» деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның