7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- республика өңірлерінде микрокредиттер беру жүйесін дамыту үшін жағдайлар құру, сондай-ақ микрокредиттік ұйымдардың жаңасын құру және қолданыстағыларын қаржыландыру;
- шағын бизнес субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерде олардың кредиттерді алуы кезінде шағын бизнес субъектілері үшін кепілдер беру;
- жобалық қаржыландыруды және қаржылық лизингті жүзеге асыру.
Түпкілікті нәтиже:
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қызметтерді ұлғайту;
- халықтың әртүрлі жіктерінің қажеттілігін туғызатын, мүдделері мен мүмкіндіктеріне жауап беретін, оларда бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруға ниет қойған "Қаржылық супермаркет" қағидаты бойынша қор қызметін қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- қор көрсететін қаржылық қызметтерінің спектрін кеңейту;
- шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредит беру көлемін ұлғайту 50 млр. теңгеге дейін;
- қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларының құнынан 50-80%-ке 5 млрд теңгеге дейін сомаға кепілдіктер беруі жеке инвесторлардың 24 млрд. теңгеге дейін сома тартуға алып келеді;
- микроқаржылық ұйымдар құру және қолдау арқылы республиканың қаржылық жүйесінің үшінші деңгейін дамыту;
- шағын бизнес үшін кредиттердің құнын арзандатуға алып келетін банктер мен басқа инвесторлардың тәуекелдерін төмендету;
Уақтылығы:
- "ШКДҚ" АҚ-ның қатысуымен микрокредиттік ұйымдар құру және оларды ресурстық қолдау (40 МКО), қолданыстағы микрокредиттік ұйымды кредиттеу (кемінде 60 МКО);
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын ұлғайту, шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдардың санын ұлғайту - 35000 кәсіпкерлерден жоғары;
- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі қорларын жаңарту және жаңғырту, шағын бизнес кәсіпорындарын капиталдандыруды ұлғайту - 300 кәсіпорыннан кем емес;
- ІЖӨ құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің өнімдерінің үлесін ұлғайту.
Сапасы:
- шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік саясатын іске асырушы қаржылық институт ретінде "Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ-ның экономикалық ұстанымдарын күшейту;
- бизнес-қоғамдастықтың экономикалық ұстанымдарын нығайту;
- сервистік-технологиялық бағыттағы сөрелік өндірістік бизнесті дамыту үшін қаржылық жағдайлар жасау;
шағын бизнес кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, кеңейту және қайта жаңалау (капиталдандыру);
- шағын бизнес кәсіпорындары шығаратын тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
347-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қарағанды облысының облыстық бюджетіне Приозерск қаласының
инфрақұрылымын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 037 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Парламентінің "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (екінші оқылым) 2005 жылғы 9 қарашадағы № 23-ІІІ ҚРП қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Приозерск қаласының халқы үшін өміршеңдік жағдайын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сумен жабдықтау, су қайтарғыш, жылумен қамтамасыз ету желілерінің жұмыс істеуін және санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, Приозерск қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2,8 км. жылумен қамтамасыз ету желісін жөндеу;
- 2,5 км. сумен жабдықтау желісін жөндеу;
- 2,8 км. кәріз желісін жөндеу;
- 1 бірлік бас тоғанды жөндеу;
- тұрғын үйлерді жөндеу, оның ішінде:
- 37 кіреберістерді жөндеу;
- 910 шаршы метр шатырды жөндеу;
- 320 шаршы метр маңдай алдын жөндеу;
- жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және кәріздің үй ішіндегі 2 желісін жөндеу.
Түпкілікті нәтиже:
- тұрғын үй-коммуналдық және коммуналдық шаруашылықтың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- жылумен қамтамасыз ету желісінің 1 м. жөндеуге арналған шығын - 13958,2 теңге;
- сумен жабдықтау желісінің 1 км. жөндеуге арналған шығын - 6597,2 теңге;
- бас тоғанды жөндеуге арналған - 6507 мың теңге;
- тұрғын үйлерді жөндеуге арналған шығындар, оның ішінде:
- 1 кіреберісті жөндеуге -180963 теңге;
- 1 шаршы метр шатырды жөндеуге - 7358,24 теңге;
- 1 шаршы метр маңдай алдын жөндеуге - 30003,12 теңге;
- жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және кәріздің үй ішіндегі 1 желісін жөндеуге - 9070 теңге.
Уақтылығы:
- жөндеу жұмыстарының бекітілген кестелеріне сәйкес сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету желілерін ағымдағы жөндеуді, мемлекеттік тұрғын үй қорын жөндеуді орындау.
Сапасы:
- МС-та бекітілгенге сәйкес келетін халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету;
- су қайтаруды толық қамтамасыз ету;
- жылу энергиясын үздіксіз тасымалдау;
- мемлекеттік тұрғын үй қорының нормативтік жағдайын қамтамасыз ету.
348-қосымша ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен алып тасталды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
349-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері
арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде
әкімшілік функцияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 84029 мың теңге (сексен төрт миллион жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті органдардың қызметін, оларға жүктелген функцияларын барынша нәтижелі орындауына қол жеткізу үшін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті органдардың аппараттарын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жергілікті органдардың аппараттарына жүктелген функциялар мен міндеттерін сапалы және уақытылы орындау.