«Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы» III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХV сессиясының 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 143 шешімі (күші жойылды)

«Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесін бекіту туралы»
III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХV сессиясының 2005 жылғы
27 сәуірдегі № 143 шешімі

 

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының 2006.21.12. № 314 шешімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты шешім қабылдады:

1. Ұсынылып отырған Алматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту Ережесі бекітілсін.

2. «Алматы қаласының жасыл желектерді қорғау мен күту туралы Ереженің», І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1996 жылғы 5 шілдедегі «Санитарлық-экологиялық бөлімшелер және Алматы қаласында жалпы пайдаланылатын өсімдіктер қорын қорғау Ережелері туралы» Х сессиясы шешімінің 2 қосымшасының күші жойылған деп танылсын және І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегі ХХІ сессиясының шешімімен бекітілген «Алматы қаласының аумағын көріктендіру, санитарлық тазалау, тазалықта ұстау және жинауды ұйымдастыру Ережелерінің» 2.6, 8.2 тармақтары және «Осы ережелерде тыйым салынған іс-әрекеттер» бөлімінің 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 абзацтары алынып тасталсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және ТЖ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (А.Б. Біртанов) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұлов жүктелсін.

 

ІІІ сайланған Алматы қаласы

Мәслихаты ХV сессиясының

төрағасы

 

ІІІ сайланған Алматы қаласы

Мәслихаты хатшысы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.