«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу
бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы
№ 264 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 572 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Заңның 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 150 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркелімінде, тіркеу № 1719, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 13-14, 567-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық органына жіберу үшін сотталғандарға есепке алу-тіркеу материалдарын ресімдейді;»;