«DECT» стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтары үшін 1880-1900
МГц радиожиілік жолағын пайдалану туралы»
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің
2006 жылғы 16 қазандағы № 417-п Бұйрығы
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және «DECT» стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтары үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолағын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының радиожиіліктер бойынша ведомствоаралық комиссиясының 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 16-5 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жеке және заңды тұлғаларға байланыстың әртүрлі желілерінде қолдануға арналған "DECT" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтарын Қазақстан Республикасының аумағында әзірлеу, өндіру, жаңарту және пайдалану үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолақтарын екінші негізде қолдануда Қазақстан Республикасының радиожиілік жолақтарын пайдалануға рұқсаттама құжаттарының рәсімінсіз мынадай шарттарды орындаған жағдайда рұқсат берілсін: