«2005 жылдың көктемгі мерзімінде Алматы қаласының жасыл желегін
ұстау және оған күтім жасау мен көгалдандыру шаралары туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 75-ө өкімі
Алматы қаласындағы 1999-2015 жылдарға арналған «Таза ауа-жанға дауа» экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі шұғыл кешенді бағдарламаның талаптарын орындау жолында және Алматы қаласының жасыл желегін молайта түсу мақсатында:
1. 2005 жылдың көктемгі мерзімінде (наурыз-сәуір) Алматы қаласының аумағын көгалдандыру жөніндегі шаралар өткізілсін.
2. Аудандар бойынша көшеттерді отырғызу жөніндегі келтірілген жоспар-тапсырма бекітілісін.
3. Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Е.Қ. Уандықов), Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті (А.З. Мұрзин), ҚІІБ (М.М. Оразалиев), аудан әкімдері қаланың аумағындағы жасыл желектерді сақтауға бақылауды күшейтсін.