7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 294 маманның кәсіптік біліктілігін арттыру, оның ішінде:
1) халықты әлеуметтік қорғау бойынша - 140 адам;
2) мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғауды, оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыру бойынша - 24 адам;
3) медициналық-әлеуметтік мекемелер мәселелері бойынша - 50 адам;
4) жалғызілікті және жалғыз тұратын қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша - 80 адам.
Соңғы нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру қажеттілігін 35% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымының бір маманының кәсіптік деңгейін арттырудың орташа шығыны 9799,32 теңге болады.
Уақтылығы: келісім-шартқа сәйкес жыл ішінде.
Сапа: әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
149-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек
көрсетуді әдіснамалық қамтамасыз ету"
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 8430 мың теңге (сегіз миллион төрт жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің өмірлік іс-әрекетіне басқа адамдармен тең және қоғамға кіргіздірілуіне мүмкіндіктер жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- жаңа техникалық, көмекші (компенсаторлық) және жүріп-тұру құралдарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;
- мүгедектерге ұсынылатын протез-ортопедиялық көмектің сапасын жақсарту және қол жетерліктей қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету;
- отандық протез-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту;
- 3 зауытта жаңа протез-ортопедиялық бұйымдар шығару;
- 2000 мүгедекті қазіргі заманғы технологиямен жасалған протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: мүгедектердің қажеттілігіне жауап беретін жаңа технологиямен дайындалған протез-ортопедиялық бұйымдар ұсыну.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: аяқ-қол модульдік протезінің орташа бағасы 170 000 теңге болады.
Уақтылылығы: жыл ішінде.
Сапа: мүгедектерге жоғары сапалы протез-ортопедиялық бұйымдарды ұсынуды қамтамасыз етуге көшу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
150-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Жұмыспен қамтудың және кедейшіліктің ақпараттық базасын дамыту"
деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 263700 мың теңге (екі жүз алпыс үш миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексі; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасындағы кедейлікті төмендету жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысы; "Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аз қамтылған отбасылардың мәліметтер базасын құру, халықты әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін, ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасын арттыру, кедейлік деңгейінің динамикасын бақылау арқылы органдардың халыққа мемлекеттік, әлеуметтік төлемдер төлеу мен көмек көрсету жөніндегі жұмыстарының ұйымдастырылуын шүбәсіз жақсарту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру аясын кеңейту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік көмектің атаулығын күшейту, жұмыссыздық деңгейін төмендету, еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс динамикасын бақылау, ұлғайтылған кәсіптер мен мамандықтар топтары бойынша, экономикалық қызмет түрлері мен жеке аймақтар бойынша еңбекке деген сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, жұмысшыларға және мамандарға деген сұранысты болжау, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде әлеуметтік төлемдер мен аударымдардың бірыңғай дербестендірілген есебін жүргізудің және бақылаудың, жұмыспен қамту, кедейлік және әлеуметтік қорғау саласындағы ситуациялық үлгілерді талдау, болжау және құрастыру үшін ақпарат жасаудың бірыңғай дербестендірілген жүйесін құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ортақ ақпараттық ортаны құру, Интернет-каталогта сақталатын ақпаратқа тиісті құқық негізінде кіруді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: жеке тұлғалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау органдарында тіркелуін бірыңғайландырумен, түрлі иерархиялық деңгейдегі осы органдардың құрылатын автоматтандырылған жүйелердің жұмыс істеуі мен өзара әрекеттесуі үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік құруындағы, әлеуметтік тұрғыдан маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін дұрыс және шынайы ақпарат беруіндегі өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелердің шешілуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
151-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау"
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11151820 мың теңге (он бір миллиард бір жүз елу бір миллион сегіз жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының "Халықтың көші қоны туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-4-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көші қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының халқының санын өсіруге және оралмандарды жаңа қоғамдық жағдайларға кіргіздірілуіне жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: