7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 2162 мүгедектерге ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, оның ішінде: Ақмола - 84, Ақтөбе - 80, Алматы - 55, Атырау - 40, Шығыс-Қазақстан - 175, Жамбыл - 10, Батыс-Қазақстан - 150, Қарағанды - 250, Қостанай - 150, Қызылорда - 250, Маңғыстау - 40, Павлодар - 250, Солтүстік-Қазақстан - 100, Оңтүстік-Қазақстан - 200 облыстарында, Астана - 154, Алматы - 84 қалаларында;
- 1089 мүгедектерге жеке көмекшілерінің қызметтерін ұсыну, оның ішінде: Ақмола - 44, Ақтөбе - 44, Алматы - 40, Атырау - 38, Шығыс-Қазақстан - 105, Жамбыл - 45, Батыс-Қазақстан - 100, Қарағанды - 125, Қостанай - 75, Қызылорда - 80, Маңғыстау - 60, Павлодар - 60, Солтүстік-Қазақстан - 45, Оңтүстік-Қазақстан - 112 облыстарында, Астана - 66, Алматы - 50 қалаларында;
- 4729 мүгедекті міндетті гигиеналық құралдармен, оның ішінде: Ақмола - 407, Ақтөбе - 100, Алматы - 134, Атырау - 74, Шығыс-Қазақстан - 276, Жамбыл - 121, Батыс-Қазақстан - 406, Қарағанды - 324, Қостанай - 306, Қызылорда - 179, Маңғыстау - 239, Павлодар - 125, Солтүстік-Қазақстан - 430, Оңтүстік-Қазақстан - 1000 облыстарында, Астана - 276, Алматы - 332 қалаларында қамтамасыз етіледі.
Соңғы нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтер сапасын және қол жеткізілімділігін кеңейту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекші көмек мөлшері айына 17904 теңге, ымдау тілі маманы жылына 30 сағат сурдоаударуға 40800 теңге, міндетті гигиеналық құралдар айына 3132 теңге болады.
Уақтылығы: ай сайын.
Сапа: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамдық өмірге кіргіздірілуіне жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
154-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Мемлекеттік аннуитеттік компания құру"
деген 031 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 436200 мың теңге (төрт жүз отыз алты миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыру құқығын сақтандыру ұйымдарынан аннуитет келісімінің негізінде жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру жөніндегі компания" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру жөніндегі компания" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту.
Соңғы нәтиже: азаматтардың зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандыру құқығын сақтандыру ұйымдарынан аннуитет келісімінің негізінде жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- елімізде экономикалық өсуге жағдай жасайтын сақтандыру саласын дамытуды қамтамасыз ету;
- республика азаматтарын қарттық жағдайы келген кезде және де басқа да күтпеген жағдайларда (асыраушысынан айырылу, мүгедектікке ұшырау т.б.) қаржылық қорғау.
Уақтылығы: бекітілген мерзімге сәйкес.
Сапа: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру және кездейсоқ жағдайлар мен аурулардан сақтандыру салалары бойынша лицензия негізінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
155-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қызылорда облысының облыстық бюджетіне Арал, Қазалы және
Қармақшы аудандарының, Байқоңыр қаласының тұрғындарына тұрғын
үй көмегін көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 032 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 186133 мың теңге (бір жүз сексен алты миллион бір жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қосымша әлеуметтік көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- Қызылорда облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) әлеуметтік қорғау;
- тұрғын үй көмегін ұсыну әдіснамасын жетілдіру;
- Қызылорда облысы Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласында тұратын, аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) тұрғын үй көмек төлемдерімен уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қызылорда облысында тұратын аз қамтылған 4055, оның ішінде мына аудандарда Арал - 1486, Қазалы - 825, Қармақшы - 901 және Байқоңыр қаласында - 843 отбасыларға (адамдарға) тұрғын үй көмегін төлеу. Тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының мүмкін шекті үлесін 30%-дан 10% төмендету.
Соңғы нәтиже: аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарын төлеуге қосымша материалдық қолдау көрсету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: көрсетілетін көмектің орташа мөлшері 5094 теңге болады.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: Қызылорда облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегіне тағайындалған сомаларды 100% төлеу.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
156-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Ақтөбе облысының облыстық бюджетіне Шалқар ауданының
тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 47981 мың теңге (қырық жеті миллион тоғыз жүз сексен бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді тұтынуды төлеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қосымша әлеуметтік көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- Ақтөбе облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) әлеуметтік қорғау;
- тұрғын үй көмегін ұсыну методикасын жетілдіру;
- Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тұратын, аз қамтылған отбасыларды (азаматтарды) тұрғын үй көмек төлемдерімен уақтылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер: Ақтөбе облысының Шалқар ауданында тұратын аз қамтылған 3200 отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу. Тұрғын үйді ұстауды және коммуналдық қызметтерді төлеу шығындарының мүмкін шекті үлесін 30%-дан 10% төмендету.
Соңғы нәтижелер: аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерін төлеуге қосымша материалдық қолдау.
Қаржы-экономикалық нәтижелер: көрсетілетін тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2499 теңге болады.
Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25-не дейін уақтылы төлеу.
Сапа: Ақтөбе облысының экологиялық апат аумақтарында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегіне тағайындалған сомаларды 100% төлеу.