«Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру әдістемесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және
метрология комитеті төрағасының 2006 жылғы 15 қарашадағы № 498 Бұйрығы
«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 2 тармағы 10 тармақшасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру әдістемесі бекітілсін.
2. Күші жойылған деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 99 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартын бекіту туралы. «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Сауда операцияларын іске асыру кезінде шеттелетін тауар санына мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру тәртібі» қаулысы;