7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 182 қызметкердің Министрлікке жүктелген және іс-шаралар жоспарында қарастырылған қызметтер мен міндеттерді толық көлемде орындау:
министрлік 20 қызметкеріне кеңселік жиһаз; құжаттар сақтайтын сейфтер - 15 дана; телевизор - 1 дана;
бейнемагнитофон - 1 дана; шкаф - 4 дана; телефакс - 7 дана; телефон аппараттары - 15 дана; цифрлы бейнекамера; цифрлы фотоаппарат; ксерокс сатып алу.
оқыту: 41 қызметкерге - мемлекеттік тілді, 40 қызметкерге - ағылшын тілін.
Министрлік құзырына жататын салаларда нормативтік құқықтық актілерді жасау.
Соңғы нәтиже: Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау, мемлекет қызметінің әлеуметтік-маңызды салаларында әлеуметтік-ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолдануды кеңейту, республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын дұрыс түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету, республикада және әлемде, басқа да қызмет салаларында орын алған қоғамдық-саяси үрдістерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету.
Министрлік аппараты мен комитеттер 49 % қызметкерлерін жиһазбен қамтамасыз ету; министрлік аппараты мен комитеттерінің 9,2% қызметкерлерін жиһазын жаңарту;
оқуға қажеттілікті қамтамасыз ету:
- мемлекеттік тілде - 22,5%
- ағылшын тілінде - 22%.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметкерін ұстауға кететін орташа шығын 1217 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығын 11,3 мың теңге;
1 мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін оқытуға кететін орташа шығын 9,7 мың теңге.
Жарақтандыруға кететін орташа шығын: кеңсе жиһазымен - 155 мың теңге, оргтехникамен және техникалық құралдармен - 28,4 мың теңге, ақпараттық-техникалық жарақтандыру - 105 мың теңге;
Уақыттылығы: Бекітілген уақытта және келісім шарттар бойынша жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: қазіргі таңдағы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру;
мемлекеттік қызметкерлердің 22,5% (үлесі) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшеді;
мемлекеттік қызметкерлердің 22% (үлесі) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс жасайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-14 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мәдениет және ақпарат саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 197 000 мың теңге (жүз тоқсан жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы» атты қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің тарихи, мәдени құндылықтарын толыққанды танып-білуде бос аралықтарды толтыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет пен өнерді дамытуда ғылыми-практикалық талдау жасауды қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық үлгілерін әзірлеу; тарихи және мәдени ескерткіштерді мұражайландыру және танымалдандыру; көшпелі және отырықшы-жер өңдеу мәдениетінің аспектілері мен өзара қарым-қатынасын, ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі Еуразия территориясында болған басқа да этномәдени үдерістерді зерттеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; археологиялық, сәулетшілік, қала құрылысы нысандарын зерттеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: өнімдерді дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау және мәдениеттің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту;
Еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерінің тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 8 тақырып бойынша этносаралық қатынаста және саяси мәдениет саласында ғылыми зерттеулер өткізу;
Этнография саласы бойынша жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған Мұражайтану саласында 6 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;
Мемлекеттің 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" бағдарламасы аясында Бұзоқ, Қойлық, Талғар, Ақыртас, Жайық, Жуан төбе, Қараспан төбе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отырар, Сарайшық қалаларында; Ыстық, Берел, Шілікті, Бестамақ, Бөріжары қорымдарында; Мерке-Жайсан, Қызыл Ұйық әулиетамдарында, Айбас дарасы, Кент, Талдысай, Тоқсанбай, Ботай елді мекендерінде; Тоқтауыл, Шідерті III, Қошқорған І-III, Шоқтас, Некрополь Чирик Рабат бекеттерінде 29 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
Мемлекеттік "Ежелгі Отырардың жаңғыруы" бағдарламасы аясында Отырар, Алтынтөбе, Құйрықтөбе қалаларында 4 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;
1000 данада «Мардан-Күйік қалашығы», «Көк-Мардан қалашығы» атты буклеттерді шығару.
Қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 600-ге тарта қолжазба, 70 сирек кездесетін қолжазба, 500-ге жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.
Соңғы нәтиже: Мәдениет саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір ғылыми жобаны сатудың орташа шығын құны 13133,3 мың теңге.
Уақыттылығы: Ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени құнды нысандарға келуші туристердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-15 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 43395 мың теңге (қырық үш миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі «Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендияны бекіту туралы» Жарлығы; 2001 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы мәселелері» Қазақстан Республикасы Президентінің № 691 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы № 3556 «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Үкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет, өнер, сәулет және бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлерін шығармашылық, қоғамдық белсенді қызметі үшін моральді және материалды ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімдікті нығайтуға, мемлекетаралық қарым-қатынастардағы теңдік пен бірдей жариялылыққа бағытталған қызметті белсендендіру; қоғамдық және ұлтаралық келісімді бекіту, республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайту; демократия мен әлеуметтік прогресті дамыту; журналистер мен өнер қайраткерлерінің бұқаралық ақпарат, әдебиет, өнер, сәулет саласындағы үздік жариялымдары туралы телебағдарламалары үшін мемлекеттік сыйақы төлемін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасының шығармашыл зиялыларының шығармашылық және зияткерлік белсенділігін арттыру.
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы - 1 бірлік;
Төрт номинация (2 сыйлық пен 2 грант) бойынша президенттік сыйақы мен гранттар;
Қазақстанның көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік сыйақылар - 50 бірлік.
10 номинация бойынша әдебиет, өнер және сәулет саласындағы сыйақы;
Соңғы нәтиже: ҚР мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет саласындағы көрнекті қайраткерлері мен журналистерінің үздік жарияланған еңбегі үшін ынталандыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Төлемнің орташа шығыны:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының 1 бірлігі - 6000 AEК;
Президенттік бір сыйақы - 1030 мың теңге;
Президенттік бір грант - 1030 мың теңге;
Мемлекеттік бір стипендия - 20 AEК;
Мемлекеттік бір сыйақы - 2000 АЕК;
Өз уақытында: мемлекеттік сыйақылар мен стипендиялардың жоспарланған төлемін қамтамасыз ету.
Сапа: Бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, өнер, әдебиет, сәулет саласындағы көрнекті қайраткерлерге мемлекеттік қолдау көрсетуді арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-16 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекет қайраткерлерінің бейнесін мәңгі есте сақтау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5000 мың теңге (бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениет және өнер саласындағы көрнекті қайраткерлерді үлгі ете отырып, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстанның мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосқан көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгілік есте сақтау мақсатында шараларды ұйымдастыру және өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру.
Соңғы нәтиже: мәдениет және өнер саласындағы аса көрнекті қайраткерлерді мәңгі есте сақтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Өз уақытында: керекті шаралардың уақытында өтуі.
Сапа: мемлекет тарихындағы көрнекті қайраткерлердің есімін сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-17 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік тілді және Қазақстанның басқа да халықтарының тілдерін дамыту»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 588467 мың теңге (бес жүз сексен сегіз миллион төрт жүз алпыс жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңының 4 , 6 , 16, 17, 19, 21, 23, 25,26-баптары, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 6 , 7-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Шет елде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1146 қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік терминологиялық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2004 жылғы 21 сәуірдегі № 444 қаулысы, Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты:
- мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;
- Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту;
- біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі ретінде шетелде тұратын отандастарды әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау мен қолдаудың мемлекеттік жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:
- мемлекеттік тілдің барлық мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызметтік міндеттерді орындау үшін іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;
- қазақ терминологиясын жетілдіру;
- орыс тілінің қолданылуын қамтамасыз ету және этникалық топтар өкілдеріне ана тілдерін оқытуға қолдау көрсету;
- шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланыстарды дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тілді компьютерлендіру мәселесін шешу;
- мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін үйрету жөніндегі барлық қажетті ұйымдастырушылық және материалды-техникалық жағдайларды жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: