«2006 жылы әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу туралы»
Атырау қалалық әкімиятының 2006 жылғы 29 наурыздағы № 361 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін офицерлік кадрлармен толықтыру, сондай-ақ қаланың жалпы білім беретін мектептерінде әскери-оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қала жастары арасында әскери-оқу орнына түсу үшін үміткерлерді іріктеу жүргізілсін.
2. Қалалық білім бөлімі (С.Аманғалиев) қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармамен (А.Жакьяев) (келісім бойынша) бірлесіп:
1) әскери-оқу орындарына түсуге үміткерлерді іріктеуді 2006 жылдың 1 мамырына дейін қамтамасыз етсін;