«Халықаралық рейтингілік агенттіктермен жұмыс және ұлттық рейтингілік
агенттіктерді дамыту жөнінде жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 346-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру және Қазақстан Республикасындағы ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілік агенттіктермен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. «Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 76-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.