«Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 253
бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 23 қарашадағы № 454 Бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2006 жылғы 11 шілдедегі № 253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4288 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 19 шілдеде № 132 (938) жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4387 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 22 қыркүйекте № 170 (976) жарияланған «Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 253 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы № 331 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақтағы «сәуірге» деген сөз «шілдеге» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
3-тармақтың 1) тармақшасы «Қазақстан» деген сөздің алдынан «жеке тұлғалар жария ететін ақшаны қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы «өтініш берушілер» деген сөздер «мүлікті жария ету субъектілері (бұдан әрі - өтініш берушілер)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «(бұдан әрі - өтініш берушілер)» деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақтағы «2006 жылғы 30 желтоқсанда» деген сөздер «2007 жылғы 1 сәуірде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғалардың ақшаны жария етуі үшін: