Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы (2006 ж. 30 қараша) (күші жойылды)

Жоба

 

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы

 

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен

спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

Бекітіллді - «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2006 ж. 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығын қара

 

ҚР Үкіметінің 2006.30.11 № 1140 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 8) тармақшасына және «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, дене шынықтыру мен спорт жүйесін дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы «____» __________

№ Жарлығымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен

спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы

Астана, 2006 жыл

 

Мазмұны

 

1. Мемлекеттік бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемалардың қазіргі жай-күйін талдау

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.