«Коммуналдық меншік басқармасының кейбір мәселелері туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 16 ақпандағы № 1/139 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. «Алматы» қонақ үйі» акционерлік коғамы (бұдан әрі мәтін бойынша - Қоғам) таратылсын.
2. Қосымшаға сәйкес тарату комиссиясы тағайындалсын.
3. Тарату комиссиясы:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте заңды тұлғаны тарату кезінде қажетті барлық шараларды орындасын;
2) Қоғамның таратылуын 2006 жылдың 01 маусымына дейін аяқтасын.