«Білім беру ұйымдары мен қызметкерлерін марапаттау туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 5/984 қаулысы
2005-2006 оқу жылының қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің озық педагогикалық ұжымдары мен мұғалімдерін марапатгау мақсатында, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Білім департаменті (Есімбаева Г.Е.) Алматы қаласының бюджетінде білім беру саласына қарастырылған қаржы есебінен 3 100 000 (үш миллион жүз мың) теңге мөлшерінде педагогикалық ұжымдар мен мұғалімдерді марапаттауды қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімнің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |