«Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының
2006 жылғы 21 қарашадағы № 270-НҚ Бұйрығы
ҚР Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының (Монополияға қарсы агенттік) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 424-НҚ бұйрығымен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабындағы 1-тармақтың 11) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы:
заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге беруді қамтамасыз етсін;
белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
осы Бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. «Монополияға қарсы заңнаманы бұзуға монополиялық ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 28 қарашадағы № 216-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2064 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 1, 757-құжат);