«Коммуналдық мүлікті бөлудің кейбір мәселелері туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 2/410 қаулысы
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Табиғи монополиялар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының Жер кодексін басшылыкқа ала отырып, Алматы қаласының Әкімдігі қаулы етеді:
1. Алматы қалалық Қаржы департаменті (А.Н. Әбдіқадырова) шаруашылық жүргізу құқығында «Солтүстік-Шығыс энергетикалық кешені» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі- «СШЭК» КМК) бұдан әрі бірлескен мүлік ретінде мына нысандар берілсін: