Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 1443 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 35-бабына және 123-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 1443 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 36, 469-құжат; 2005 ж., № 21, 246-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және ұсыну ережесінде:
7-тармақта:
алтыншы абзацтағы «орындалмаған» деген сөз «төленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші және сегізінші абзацтардағы «кассалық атқарылу» деген сөздер «бюджет түсімдерінің атқарылу және/немесе бюджеттік бағдарламалар (шағын бағдарламалар) бойынша төленген міндеттемелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы «орындалмаған» деген сөз «төленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын;