Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1177 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Өзбекстан Республикасының Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының
арасындағы Кеден одағы туралы 1995 жылғы 6 қаңтардағы келісімге және
Кеден одағы туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келісімге қосылуы туралы
хаттама
1995 жылғы 6 және 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімдерге қатысушылар болып табылатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі бір тараптан және Өзбекстан Республикасының Yкіметі екінші тараптан,
теңгерімді және өзара тиімді экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
Кеден одағының қағидаттарын, мақсаттарын және міндеттерін ұстануға дайын екендігін растай отырып,
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келісімнің 8-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып,
2006 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып,
мына төмендегілер туралы уағдаласты: