«Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 532 Бұйрығы (күші жойылды)

Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 532 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 865 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында халық емшілерінің қызметін реттеу және үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Халық емшісінің куәлігін беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының) директорлары (келісім бойынша):

1) халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткерлерге 6 айлық сынақтан өтуге арналған мемлекеттік медициналық ұйымдардың тізбесін бекітсін;

2) халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткерлердің 6 айлық сынақтан өтуі бойынша іс-шараларды қамтамасыз етсін;

3) үміткердің 6 айлық жұмыс қорытындысы бойынша қолданылатын халықтық медицинаның емдеу әдістерінің денсаулық үшін тиімділігі және қауіпсіздігі туралы мемлекеттік медициналық ұйым шешімінің негізінде халық емшісінің куәлігін алуға үміткерлерді медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитеті (Е.М.Мусинге):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

2) халықтық медицина әдісімен емдеу құқығына үміткер адамдарға куәлік беруді қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д. В. Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.