2007 жылғы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынуға және реконструкциялануға тиіс қалалардағы білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен 26 -1-баппен толықтырылды
26-1-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде білім беру объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге 12 467 398 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
Мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде салынып жатқан білім беру объектілерінің тізбесін және олар бойынша сомаларды бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
27-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға арналған шығыстарының құрамында 1 569 080 мың теңге, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен мыналарға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға:
ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 158 194 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 10 886 мың теңге;
өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 300 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге;
ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялауға - 100 000 мың теңге көзделсін.
28-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне «Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Ертіс өзені арқылы көпір салу» жобасы бойынша қосылған құн салығының орнын толтыру үшін 752 201 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Қосылған құн салығының орнын толтыру қосылған құн салығының төленуі жөніндегі растайтын құжаттар ұсыну фактісі бойынша жүргізіледі.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.22.10 № 1-ІV ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) 29- бап өзгертілді
29-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылға арналған резерві 20 237 035 мың теңге сомасында бекітілсін.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен 30 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
30-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 30 500 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін.
Аталған нысаналы даму трансферттерін бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен 31 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй салуға кредит беруге 23 800 000 мың теңге көзделсін.
32-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 346 700 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен 33 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
33-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2006 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 54 933 мың теңге көзделсін.
34-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға арналған шығындарының құрамында жаңалау тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен соманы республикалық бюджеттің кірістерінде көрсете отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жаңалауға 1 858 872 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.22.10 № 1-ІV ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) 35- бап өзгертілді
35-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте:
концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды сараптауға - 50 699 мың теңге;
концессиялық жобаларды бағалауға және сараптауға - 472 597 мың
теңге сомасында қаражат көзделсін.
Аталған сомаларды бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
36-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат бойынша талаптары, Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады деп белгіленсін.
2007.05.07 № 273-ІІІ ҚР Заңымен 36 -1-баппен толықтырылды
36-1-бап. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің шығыстарында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Түрікменстан шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы борыштарын төлеу жөніндегі іс-шаралар жүргізуге 1 849 826 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.”;
37-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 3 551 406 мың теңге көзделсін.
38-бап. 2007 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 11 700 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
39-бап. 2007 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 782 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
40-бап. 2007 жылға арналған мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 35 100 000 мың теңге көлемінде белгіленсін.
41-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
42-бап. 2007 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 6-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2007 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 7-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
43-бап. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының