«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1156 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

 

G-12

 

Біліктілігі орташа деңгейлі аға маман: агроном, аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, сәулетші, режиссердің ассистенті, балетмейстер, кітапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекші, геодезист, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, музыкалық жетекші, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, режиссердің көмекшісі, бағдарламашы, жобалаушы, жұмыс өндіруші (прораб), репетитор, рентген зерттеуші, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, статистик, технолог, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консулы.

 

G-13

 

Біліктілігі орташа деңгейлі маман: агроном, аккомпаниатор, әртіс, мұрағатшы, сәулетші, маманның ассистенті (көмекшісі), режиссердің ассистенті, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекші, геодезист, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчері, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тілші, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, мастер, менеджер, әдістемеші, механик, музыкалық жетекші, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультінің операторы, оптикометрист, аудармашы, режиссердің көмекшісі, бағдарламашы, жұмыс өндіруші (прораб), жобалаушы, редактор, репетитор, үйірме жетекшісі, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер, суретші-конструктор (дизайнер), шкипер, штурман, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консулы.

Мемлекеттік мекемеге және қазыналық кәсіпорынға әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: билет кассалары, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшіру-көбейту), монша, вивария, видеотека, гараж, іс жүргізу, сақтау камерасы, кеңсе, ат ауласы, киім бөлмесі, жылу қазандығы, сүт кухнясы, жатақхана, кір жуатын бөлме, жалға беру пункті, қойма, ауысым, станция, торап, учаске, шаруашылық, фильмотека, фонотека, фотозертхана, бөлім, экспедиция.

 

G-14

 

Техникалық орындаушылар: мұрағатшы; ассистент, кезекші әкімші; рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші; диктор, диспетчер; инкассатор; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодировщик; кодификатор; комендант; билет тексеруші; көшіргіш; шетел мәтінімен жұмыс істеуші, диктофондық топтың, редакцияның, бюроның машинисткасы, машинистка-стенографистка; әкімші, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі, кассалық, дизельдік жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі механик; бақылаушы; мұражай қараушысы; нарядшы; көшіру-көбейту машиналарының жарық аппаратурасы, байланыс жүйелері, қауіпсіздік қызметі, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі, диспетчерлік қызмет операторы; күзетші, паспортшы; медициналық бикенің, тәрбиешінің көмекшісі; тіркеуші, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист; оқу бөлімінің хатшысы; статистик; стенографист; суфлер; есеп жүргізуші; табельші; есепке алушы; фельдъегерь; экспонат сақтаушы, сызушы, экспедитор.

Ескертпе:

1. Бас бухгалтердің лауазымы, басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады; бас бухгалтердің орынбасары лауазымы бас бухгалтердің лауазымынан бір санат төмен болады.

2. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша:

басшының бикелік іс жөніндегі орынбасарының лауазымы, басшының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар медициналық қызметі жөніндегі орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бір санат төмен болады;

бас медициналық бикенің лауазымы медициналық бикенің лауазымынан бір санат жоғары болады.

*Республикалық мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың тізбесі осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 30 қарашадағы

№ 1156 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 11 қаңтардағы

№ 41 қаулысына

2-қосымша

 

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерінің

және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын

(ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер

 

 

Ескертпе.

«Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңына сәйкес лауазымдық жалақыға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгіленгендіктен, кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамалары құтқарушыларының лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициент мамандығы бойынша бір жылға дейін жұмыс стажы болғанда тиісті лауазым санатына сәйкес келетін коэффициент деңгейінде белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 30 қарашадағы

№ 1156 қаулысына

3-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 11 қаңтардағы

№ 41 қаулысына

3-қосымша

 

Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының

лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 30 қарашадағы

№ 1156 қаулысына

4-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2002 жылғы 11 қаңтардағы

№ 41 қаулысына

6-қосымша

 

Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері мен қазыналық

кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін төленетін

қосымша ақылар мен үстемеақылар