Ескертпе.
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше кауіпті) еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін екі (немесе одан да көп) негіздер бойынша: туберкулез емдеу-алдын алу мекемелерінің палаталарының, бөлімшелерінің, интернат-үйлерінің медицина және өзге де персоналына - БЛЖ-дан 70% мөлшерінде, мамандандырылған емдеу алдын алу, ұйымдарының (маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу палаталарының, бөлімшелерінің) қызметкерлеріне БЛЖ-дан 40% мөлшерінде, 20%-дан 22%-ке дейін қосымша ақы көзделетін басқа да ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерде - БЛЖ-дан 23% мөлшерінде қосымша ақылар белгіленеді.
2. Медицина қызметкерлеріне кезекшілікте болғаны үшін еңбекақы төлеу нақты жұмыс істеген уақыты үшін жүргізіледі. Кезекшілікті ұйымдастыру және оған ақы төлеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.
3. Осы қосымшада белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар ұлттық қауіпсіздік органдары, ішкі істер органдары жүйесінің, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесінің, Қорғаныс министрлігі жүйесінің, Республикалық ұланның мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының әскери және арнайы атағы жоқ медициналық қызметкерлеріне, білім және ғылым, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру және спорт жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының медицина және ғылыми қызметкерлеріне қолданылады.
4. Медицина қызметкерлерінің біліктілік санаты үшін қосымша ақы ставкаға сәйкес, алайда бір толық ставкаға белгіленген мөлшерден аспайтын көлемде пропорционалды төленеді.
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
24-қосымша
Басшыларға, мамандарға және қызметшілерге еңбекақы төлеу арттыру
коэффициентімен жүзеге асырылатын республикалық мемлекеттік мекемелер
мен қазыналық кәсіпорындардың тізбесі
Республикалық мемлекеттік мекемелер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Ақпараттық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы дирекциясы» мемлекеттік мекемесі.
5. «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы» мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі.
Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Үкіметінің
2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 1156 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
25-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне
еңбек жағдайы үшін төленетін қосымша ақылар мен үстемеақылар