«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Қазақстан Республикасының Заңы Осы редакция 2026 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

Предыдущая страница

33-2) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүлкін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 34) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

35) 2018.02.07. № 170-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 35-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 35-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-6) және 35-7) тармақшалармен толықтырылды

35-2) - 35-5) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

35-8) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

35-9) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 35-10) тармақшамен толықтырылды

35-10) музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 35-11) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

35-11) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 35-12) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

35-12) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 35-13) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

35-13) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

35-14) 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 35-15) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

35-15) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 35-16) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

35-16) мемлекеттік қоса қаржыландыру жағдайында креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестицияларды тартудың мониторингін жүзеге асырады;

2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 36) тармақша өзгертілді (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананыңжергілікті атқарушы органының құзыреті

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.26.12. № 242-VIIІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі, тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) отандастармен мәдени байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) мəдениет жəне білім беру ұйымдарында кітапхана қорын дамыту жəне сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің және креативті индустриялардың түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) өңірлік көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет, креативті индустриялар ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін береді.

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды

14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

14-4) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 14-5) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

14-5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 14-6) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)

14-6) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 14-7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

14-7) креативті индустриялар саласында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өзін-өзі жетілдіру және таланттарды дамыту үшін жағдайлар жасайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы:

2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады;

2017.05.05. № 60-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

1-2) кітапхана қорын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;

2015.28.10. № 368-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

3) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

4) 2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

6) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

7) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-2) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-3) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-4) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады;

2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен 8-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8-5) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды дамытуға жәрдемдеседі;

9) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін бередіж

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібі

1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс.

2. Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық ішкі істер органдары мен мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құрады, олар осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

4. Жеке тұлғалар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді күрделендіретін құрылыстарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындарды пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын, оның ішінде мiнберлердің тіреуіш конструкцияларының ескіруі, мінбер астындағы үй-жайларда жанатын қауіпті заттар мен материалдардың орналастырылуы, авариялық жарық берудің және эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе олардың ақаулы болуы бөлігінде бұзушылықтар, сондай-ақ өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздік жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда, ішкі істер органдары не халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган енгізетін ұсыну бойынша жергілікті атқарушы органдар қауіпсіздік жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейін осындай іс-шараларды өткізуге тыйым салады.

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Телевизиялық жазбаларды жəне концерттік ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген жəне арналмаған өзге де орындарды қоспағанда, концерттік ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс (вокалды) фонограммаларын пайдалануына тыйым салынады.

5. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар:

1) жеке тұлғалардың қауіпсіздігі, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындардың, оның ішінде олардағы мүліктің сақталуы үшін жағдайлар жасауға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге;

2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындармен шекаралас аумақтың абаттандырылуы бұзылған жағдайда, оны қалпына келтіруді қамтамасыз етуге;

2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) іс-шара өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей - көрермендердің болжалды саны туралы, күнтізбелік бір күн бұрын - сатылған билеттердің, берілген рұқсаттамалардың, оның ішінде көлік құралдарына рұқсаттамалардың, сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына, мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарға хабар беруге;

2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда көрермендердің жүріс-тұрыс қағидаларын орналастыруға;

2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылды; 2025.30.12. № 248-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, дәстүрлі емес сексуалдық бағдарды, педофилияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контентті пайдаланбауға;

6) әртістермен жасалған шарттар негізінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізгенге дейін және оларды өткізу уақытында көрермендермен қарым-қатынас кезінде олардың тиісті мінез-құлқын, оның ішінде нормативтік емес лексикадан, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды тұтынудан көрінуі мүмкін олардың аморалдық, әдепсіз мінез-құлыққа жол бермеуін қамтамасыз етуге;

2025.04.12. № 236-VIIІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуы мен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша оларды өткізуге міндетті.

Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

6. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға келтiрілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеледі.

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

7. Әндер, пьесалар, әзіл-сықақ монологтері, концерттік бағдарламалар, сондай-ақ концерттік және театрландырылған іс-шаралар сценарийлері мәтіндерінің мазмұнында осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында көзделген белгілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік шығармашылық ұжымдардың және орындаушылардың қатысуы мен ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады немесе оларды өткізу тоқтатыла тұрады.

 

 

3-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 10-баптың 1-тармағының орыс тіліндегі мәтініне түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді

10-бап. Азаматтардың мәдениет саласындағы шығармашылық қызметке құқықтары

1. Азаматтардың өз қабілеттеріне сай бұл қабілетін жұмсау саласын, іске асыру нысандарын өздігінен таңдау және кәсіби білім алу жолымен шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар.

Шығармашылық қызметпен айналысу кәсіби негізде де, кәсіби емес (әуесқой) негізде де жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі. Осы құқықтың шектелуі ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимімен ғана айқындалуы мүмкін.

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашыл қызметкерлер мен креативті индустриялар жұмыскерлері зияткерлік меншік, өз еңбегінің нәтижелеріне иелік ету еркіндігі, мемлекеттің қолдауы құқықтары саласында тең құқылы.

Азаматтардың кәсіби және кәсіби емес (әуесқой) шығармашылық және креативті қызметі ұжымдық немесе жеке негізде жүзеге асырылады.

4. Әрбір азаматтың мәдени құндылықтардың меншік иесі болуға құқығы бар. Жеке меншікті алу, пайдалану және оған иелік ету Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

2026.18.02. № 266-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Әрбір азаматтың өзінің шығармашылық және креативті қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдерге шығарып, көрмелер ұйымдастыруға немесе өзге де жолдармен ұсынуға және іске асыруға құқығы бар.

 

2010.27.05 № 280-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)