«Электр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006.29.11. № 276-НҚ, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006.01.12. № 318 бірлескен бұйрығы (2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Электр - және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының  2006 жылғы 29 қарашадағы № 276-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 1 желтоқсандағы № 318 Бірлескен Бұйрығы

(2017.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 12 және ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 25 ақпандағы № 60 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.26.02 № 70-НҚ және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2009.27.02 № 51 Бірлескен бұйрықтарымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017.30.06. № 265 және ҚР Энергетика министрінің 2017.12.07. № 240 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Электр- және жылу энергетикасы салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр- және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.