2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 441-қосымша) (үзінді)

2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 441-қосымша)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

441-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2003 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

441-ҚОСЫМША

 

637 - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметін

қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 172551 мың теңге (бір жүз жетпіс екі миллион бес жүз елу бір мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету туралы» 1996 жылғы 28 наурыздағы № 2920 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары тұруын және тікелей қолданылуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау; кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай, қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

1) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның жоғары заңдық күшін, оның тікелей қолданылуын қолдау үшін және беделін нығайту үшін қажетті жағдай жасау;

2) 5 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 37 адамға мемлекеттік тілді үйрету, 10 адамға ағылшын тілін үйрету.

Түпкі нәтиже:

Негізгі Заңның нормаларын барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, ұйымдар мен азаматтардың бірізді түсініп, қолдануын қамтамасыз ету;

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

1) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығыс - 66,0 мың теңге;

2) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне мемлекеттік тілді үйретуге кететін орташа шығыс - 46,7 мың теңге;

3) Кеңестің бір мемлекеттік қызметшісіне ағылшын тілін үйретуге кететін орташа шығыс - 24,6 мың теңге.

Уақтылығы:

1) жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау;

2) жасалынатын шарттарға сәйкес жыл бойы оқыту;

Сапасы:

1) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытынды шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеуі;

2) мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткен соң мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%;

3) ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен соң ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 30%.