Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және
Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салуларды, кейбір кедендік
режимдерге орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбелерiн, сондай-ақ
жекелеген кедендік режимдерге орналастырылған тауарлармен жасалатын
операцияларды жүргiзуге арналған тыйым салулар мен шектеулерді бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 шілдедегі
№ 681 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.07.04 ж. № 797; 03.11.04 ж. № 1142; 2005.14.04. № 353;
2005.22.06. № 617; 2005.11.07. № 717 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 8, 125, 142, 153, 165, 175, 182, 240-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар;
2) кеден қоймасының кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
3) бажсыз сауда дүкенiнiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
4) тауарларды кеден аумағында қайта өңдеудiң кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
5) тауарларды еркiн айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
6) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) тауарлар экспорты кедендiк режимiне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тізбесі (2-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 353 Қаулысымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) тауарлардың кері экспорты кедендiк режиміне орналастыруға тыйым салынған тауарлардың тiзбесi (3-қосымша);
7) еркiн қоймаларда тауарлармен жасалатын операцияларды жүргізуге арналған жекелеген тыйым салулар мен шектеулер;
8) тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі жекелеген операцияларға арналған шектеулер бекiтілсін.
ҚР Үкіметінің 2005.11.07. № 717 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды