«Қазақстан Республикасы Yкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу және
маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 887 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Астана қаласындағы «Transport Tower» әкімшілік-технологиялық кешенінің ғимаратындағы өрттің салдарын жоюға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 1064100000 (бір миллиард алпыс төрт миллион бір жүз мың) теңге бөлінсін.