2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 221-239-қосымшалар) (үзінді) (2007.13.11. берілген өзгерістермен)

2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 221-239-қосымшалар)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Мыналардың:

221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 237-1, 238, 239-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

221-ҚОСЫМША

 

221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 7 638 582 мың теңге (жеті миллиард алты жүз отыз сегіз миллион бес жүз сексен екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы Заңы; «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Заңының 6 , 7 , 8-баптары; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9 , 10-баптары; «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы; «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы; «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңы; «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 15, 16, 19, 21, 22-баптары; Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік peecтpi және оларды мемлекеттік тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасау, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасымен әділет органдарына жүктелген міндеттерді жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2007.29.01. № 64 (бұр.ред.қара); 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.13.11. № 1079 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелген функцияларды сапалы және уақытылы орындау;

кәсіби деңгейін арттыру кемінде 376 адам;

мемлекеттік тілге оқыту кемінде 334 адам;

ағылшын тіліне оқыту кемінде 50 адам.

Түпкі нәтиже:

мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 11,6 пайызға арттыруда, мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілге 20 % оқытуда және мемлекеттік қызметкерлерді ағылшын тіліне 1,5 пайызға оқытуда қажеттілігін қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау;

мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға орташа шығындар - 10,6 мың теңге;

бір мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығындар - 49,1 мың теңге;

бір мемлекеттік қызметшінің ағылшын тіліне оқытуға орташа шығындар - 29,7 мың теңге.

Уақтылығы: Іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.

Сапасы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және оның ведомстволарына жүктелген функцияларға сәйкес халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуді және олардың сапасын қамтамасыз ету;

қазіргі замандағы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметтің кәсіби талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру;

мемлекеттік тілді оқу курстарын өткеннен кейін іс жүргізу қағаздары мемлекеттік тілге көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі 30 пайыз;

ағылшын тілін оқу курстарын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі 1,2 пайыз;

кәсіби деңгейін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғарғы лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2,5 пайыз.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

222-ҚОСЫМША

 

221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Сот сараптамаларын жүргізу»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1430316 мың теңге (бір миллиард төрт жүз отыз миллион үш жүз он алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 қарашадағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 17-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 11 тамыздағы № 1245 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптама жүйесін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысы; «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот сараптамасындағы қылмыстық азаматтық істердің және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдары бойынша Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қажеттілігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сот-сараптама қызметін ұйымдастыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

1) Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметін толық ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету;

2) бірыңғай және тәуелсіз сот-сараптама жүйесінің қызметін кезең-кезеңмен жетілдіру;

3) азаматтық сот ісін жүргізуде сот сараптамасының ролін арттыру;

4) WEB-сайтты сүйемелдеу және қызмет көрсетулерді;

5) қызметтік ғимарат сатып алу.

Түпкі нәтиже: сот сараптамасындағы Қазақстан Республикасы сот ісін жүргізу қажеттілігін қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір сараптама жүргізу үшін шығындар кемінде 8239 теңге құрайды.

Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.

Сапасы: Қазақстан Республикасының сот ісін жүргізудің қазіргі заманға сай сапалы сараптамадағы талаптарын неғұрлым толық қанағаттандыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

223-ҚОСЫМША

 

221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Сотталғандарды ұстау»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 13 662 378 мың теңге (он үш миллиард алты жүз алпыс екі миллион үш жүз жетпіс сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері қызметкерлері лауазымдарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға біржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеушілік әсер етуді жүзеге асырумен сотталғандарға қатысты сот үкімін, қаулысын және ұйғарымын орындау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi:

1) Қылмыстық жазаларды орындау, қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелерде құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету.

2) Сотталғандарды түзеуді ұйымдастыру.

3) Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық жазаны атқару мекемелерінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сотталғандардың білім алуын қамтамасыз ету.

Түпкі нәтиже: сотталғандарға түзеу ықпалын, соның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдаланып жүзеге асыруды ұйымдастыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.

Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.

Сапасы: түзелу жолына түскен сотталғандардың санын арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

224-ҚОСЫМША

 

221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2007 жылға арналған

«Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау»

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 2617400 мың теңге (екі миллиард алты жүз он жеті миллион төрт жүз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау үшін коммуналдық-тұрмыстық жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жаңа түзеу мекемелері мен тергеу изоляторының құрылысын салу және қайта жаңарту жолымен сотталғандар мен тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау тығыздығын төмендету; республика бойынша сотталғандарды тасымалдау санын азайту мақсатында сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға дейін тұрған аймағының шегінде жазасын өтеу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: