2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 33-40-қосымшалар) (үзінді) (2007.25.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Уақтылығы:

жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.

 

 ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 40-1-қосымшамен толықтырылды 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

40-1-ҚОСЫМША

 

202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

012»"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты, объектілерді және аумақтарды табиғи дүлей апаттардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған нысаналы даму трансферттері"»

деген республикалық бюджеттік бағдарламаның

 

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 711 689 мың теңге (жеті жүз он бір миллион алты жүз сексен тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Республика аумағындағы төтенше оқиғалардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджет қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағындағы халықты және табиғи шаруашылық объектілерін табиғи дүлей апаттардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеті: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағына инженерлік қорғаныштық жағалауды бекітетін құрылыстар салу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарлама орындалған жағдайда күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Алакөл көлінің аумағында инженерлік қорғаныштың жағалауды бекітетін құрылыстар бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен, бекітілген жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ).

Түпкі нәтиже: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша объектілерді пайдалануға беру.

Уақтылығы: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары Алакөл көлінің аумағындағы халықты, объектілерді инженерлік қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге өндірістің жұмыс кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс салу нормалары мен ережелеріне сәйкес.