«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы)» (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 442-447-қосымшалар) (үзінді) (2007.06.11. берілген өзгерістермен)

«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы)»
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 442-447-қосымшалар)
(үзінді)

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналардың:

442443444445446447-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

442-ҚОСЫМША

 

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және

салтанатты рәсімдерді орындауға қатысу»

деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 1 713 221 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он үш миллион екі жүз жиырма бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы; «Мемлекеттік протоколды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығы; «Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 қазандағы № 352 Өкімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет Басшысының  және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін;

аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру.

ҚР Үкіметінің 2007.07.11. № 1055 (бұр.ред.қар); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

күзетілетін адамдардың саны 8 дейін;

күзетілетін объектілердің саны - 10;

өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95;

Түпкі нәтиже:

күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;

күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз;

протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз;

қару-жарақпен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз;

әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз;

технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз;

Қаржы-экономикалық нәтиже:

- мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2052 мың теңге;

- мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 806 мың теңге;

Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы

Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына «қанағаттанған» күзетілетін адамдар - 100 пайыз

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

443-ҚОСЫМША

 

678-ң Казақстан Республикасы Республикалық ұланы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Республикалық ұлан объектілерін салу»

деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 546435 мың теңге (бес жүз қырық алты миллион төрт жүз отыз бес мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау.

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- Алматы қаласында 60 отбасына арналған Республикалық ұлан жатақханасының құрылысын салуды аяқтау.

- Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлік тұрғын үй кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және құрылысын салу (атқарылған жұмыстың көлемінің 50 пайыз).

Түпкі нәтиже: республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін пайдалануға беру.

Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

444-ҚОСЫМША

 

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу»

деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 59603 мың теңге (елу тоғыз миллион алты жүз үш мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 13433;

1997-1998 жылдардың сыйақысын алған әскери қызметшілердің саны - 16 ад.

Түпкі нәтиже:

әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 0,9 мың теңге;

1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс 1997-1998 жылдардың сыйақысын төлеу бойынша 1034 мың теңге;

1 қызметкерге жұмсалатын орташа шығыс 39,6 мың теңге;

Уақтылығы:

тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз;

уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз;

Сапасы:

сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

445-ҚОСЫМША

 

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»

деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 3978 мың теңге (үш миллион тоғыз жүз жетпіс сегіз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 15-бабы, «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 3 адам;

біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны - 2 адам; біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны - 2 адам.

Түпкі нәтиже:

жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 313;

жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 110;

жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 213.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 795,6 мың теңге;

Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы.

Сапасы:

оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз;

Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

446-ҚОСЫМША

 

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

тұрғын үй алған адамдардың саны - 10;

Түпкі нәтиже:

тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (249 мұқтаждардың ішінен 10 әскери қызметші) - 4,5 пайыз.

Қаржы-экономикалық нәтиже:

сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 140 мың теңге.

1 пәтердің орташа құны 10000 мың теңге.

Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі.

Сапасы:

сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

447-ҚОСЫМША

 

678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес»

деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 6950 мың теңге (алты миллион тоғыз жүз елу мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

Күзетілетін объектілердің саны - 10;

Түпкі нәтиже:

күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз;

Қаржылық-экономикалық нәтиже:

арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге.

Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау.

Сапасы:

«қанағаттанарлық» және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз