2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 149-169-қосымшалар) (үзінді) (2007.26.11. берілген өзгерістермен)

Предыдущая страница

Қаржылық-экономикалық нәтиже: төлемдердің капиталдандыру көлеміне байланысты орташа мөлшері 150 000 теңгеден 989 000 теңгеге дейін.

Уақтылығы: сот шешімдерінің түсуіне байланысты жыл ішінде.

Сапасы: сот шешімдерінің уақытылы орындалуы.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

165-ҚОСЫМША

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін салуға және реконструкциялауға берілетін

нысаналы даму трансферттері»

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 507000 мың теңге (бес жүз жеті миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 19, 24-баптары, «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 17 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді, оның ішінде мүгедек-балалар мен қарттарды оңалту және оларға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бөгде адамның тұрақты көмегіне мұқтаж мүгедектерді, оның ішінде мүгедек балаларды медициналық және әлеуметтік оңалтудың сапасын жетілдіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: объектілерді салу жөніндегі жұмыстар көлемінің

жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуы.

Түпкі нәтиже: мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру.

Уақтылығы: құрылыс жұмыстарының көлемін қызметтер жеткізушілері жасалған шарттарға сәйкес орындау.

Сапасы: Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

166-ҚОСЫМША

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдары кадрларының

біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»

деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 3309 мың теңге (үш миллион үш жүз тоғыз мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  «Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұсынылатын әлеуметтік қызметтер сапасын жоғарылату және кәсіби шеберлікті жетілдіру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- еңбек, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау саласы мамандарының шеберлігін, теоретикалық және тәжірибелік білімдерін жаңарту;

- әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру мен дайындығын қамтамасыз ету;

- әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама, еңбекті қорғау саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу, әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және еңбекті қорғау қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: 294 маманның кәсіптік біліктілігін арттыру.

Түпкі нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін арттыру қажеттілігін 35 пайызға қамтамасыз ету.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымының бір маманының кәсіптік деңгейін арттырудың орташа шығыны 11 255 теңге болады.

Уақтылығы: келісім-шартқа сәйкес жыл ішінде.

Сапасы: мемлекеттік әлеуметтік қорғау ұйымдары мамандарының кәсіптік деңгейін кәсіптік мінездеме негізінде арттыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

167-ҚОСЫМША

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуді

әдіснамалық қамтамасыз ету»

деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 26841 мың теңге (жиырма алты миллион сегіз жүз қырық бір мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 22-бабы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердің басқа адамдармен тең іс-әрекет жасауына және қоғамға кірігуіне тең мүмкіндіктер жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- жаңа техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдарды және жүріп-тұру құралдарын енгізу жөнінде жұмыс жүргізу;

- мүгедектерге ұсынылатын протездік-ортопедиялық көмектің сапасын және қол жетер жақсарту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсету;

- отандық протездік-ортопедиялық бұйымдардың сапасын жақсарту;

- 3 акционерлік қоғамда қазіргі жаңа протез-ортопедиялық бұйымдар шығаруға көшу.

Түпкі нәтиже: мүгедектердің қазіргі протездік-ортопедиялық бұйымдарға қажеттілігін жауап беретін қанағаттандыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: шығарылатын протездік-ортопедиялық бұйымдардың өзіндік құнын төмендету.

Уақтылығы: жыл бойы.

Сапасы: мүгедектерді жоғары сапалы протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етуге көшу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

168-ҚОСЫМША

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Оралмандарды тарихи отанына қоныстандыру және әлеуметтік қорғау»

деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)

1. Құны: 11592014 мың теңге (он бір миллиард бес жүз тоқсан екі миллион он төрт мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының «Халықтың көші қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 29-4-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1508 «Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Жарлығы; «Көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасы халқының санын өсіруге және оралмандарды жаңа қоғамдық жағдайларға кіргіздірілуіне жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- оралмандардың қоныс аударуын және оларды әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру;

- оралмандар көші-қоны квотасы бойынша келген оралмандар отбасыларына тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- 2007 жылғы көші-қон квотасына енгізілген 15 000 оралмандар отбасын қабылдау және жайластыру;

- 2007 жылы көші-қон квотасына енгізілген, шет мемлекеттерден соңғы тұрғылықты жеріне дейін 80 оралмандар отбасын ұйымдастырып көшіру және олардың мүліктерін тасымалдау;

- 67 393 мың теңгеге Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша облыстық Оралмандарды уақытша орналастыру орталығының ғимаратын күрделі жөндеу.

Түпкі нәтиже: көші-қон процестерінің есебінен Қазақстан Республикасының - халқының санын өсіру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: оралман отбасына көрсетілетін орташа көмек мөлшері - 789 952 теңге.

Уақтылығы: оралман отбасының келуіне байланысты жыл ішінде.

Сапасы: нормативтік құқықтық актілермен бекітілген мерзімде көші-қон квотасымен келген оралмандарға әлеуметтік көмектің барлық түрін ұсыну.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

169-ҚОСЫМША

 

213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне

мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді

міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі

мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуіне ағымдағы

нысаналы трансферттер»

деген 030 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 600852 мың теңге (алты жүз миллион сегіз жүз елу екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 21, 22-баптары.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша қызметтер аясын кеңейту арқылы мүгедектердің өмір сапасын жақсарту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:

- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес уақытылы:

жеке көмекшімен;

ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін уақытында ұсыну;

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.26.11. № 1135 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

1806 мүгедекке ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну, мүгедектерді 1873 жеке көмекші мүгедектерді өз қызметтерімен қамтамасыз ететін болады, 8683 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі, оның ішінде облыстар және қалалар бойынша:

Ақмола - 105, 92, 664;

Ақтөбе - 10, 53, 745;

Алматы - 25, 102, 728;

Атырау - 52, 60, 363;

Шығыс Қазақстан - 152, 53, 819;

Жамбыл - 70, 62, 164;

Батыс Қазақстан - 150, 535, 594;

Қарағанды - 181, 137, 442;

Қызылорда - 123, 126, 783;

Қостанай - 249, 58, 501;

Маңғыстау - 37, 27, 293;

Павлодар - 166, 64, 157;

Солтүстік Қазақстан - 100, 45, 430;

Оңтүстік Қазақстан - 151, 86, 842;

Астана - 152, 300, 324;

Алматы - 83, 73, 834 тиісінше.

Түпкі нәтиже: мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша ұсынылатын қызметтердің қол жетімділігін және оның сапасын кеңейту.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: орта есеппен алғанда жеке көмекшінің қызметтері айына - 10188 теңге сомасында, ымдау тілі маманының қызметі жылына 30 сағат сурдоаудармаға 37913 теңге, міндетті гигиеналық құралдар айына - 2 912 теңге сомасында болады. Уақтылығы: ай сайын.

Сапа: қабылданған шаралар мүгедектердің қоғамға кірігуіне ықпал ететін болады.