Облыстық , аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларын мамандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 199 өкімімен бекітілген)

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Соты Төрағасының

2006 жылғы  29 қыркүйектегі

№ 199  өкімімен  бекітілген

 

Облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьяларын мамандандыру бойынша
әдістемелік ұсыныстар

 

Судьяларды мамандандыруды енгізу белгілі бір істердің санаттарын қарау кезінде судьялардың қызметін оңтайландырудың қажеттілігіне байланысты туындады.

Істерді бөлуге жеке тұрғыдан келу судьялардың оларды әлдеқайда біліктілікпен қарауына жәрдемдесетін болады.

Мамандандыру судьяларға құжаттарды жинауға немесе сол болмаса  басқа санаттағы істерді қарауға қатысты механизмді түпкілікті әзірлеуге, тәжірибе жинақтауға, істердің нақтылы санаттары бойынша практиканы жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл істерді неғұрлым сапалы және тез қарауға қол жеткізеді, олардың кәсіби дамуына көмектеседі.

 

 

1.Жалпы ережелер

 

1. Судьяларды мамандандыру бойынша осы әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - Ұсыныстар) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-II Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді.

2. Ұсыныстар сот төрелігін сапалы және уақытында жүзеге асыру әрі судьяларды мамандандыруды енгізу мақсатында әзірленді.

3. Судьяларды мамандандыру - бұл судьялардың белгілі бір санаттағы істерді қарауы.

 

 

2. Соттарда судьяларды мамандырудың мақсаттары мен міндеттері

 

4. Судьяларды мамандандырудың басты міндеттері:

1) сот төрелігінің барынша тиімді жүзеге асырылуына, сот істерінің неғұрлым сапалы және жедел қаралуына және азаматтардың сот төрелігіне қол жеткізуіне, сот қызметі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға жәрдемдесу;

2) жас судьялардың қалыптасуына, кәсіпқойлықтың нығаюына және дамуына, судья этикасы нормаларының сақталуына көмектесу;

3) материалдық  және іс жүргізу құқығының нормаларын  дұрыс қолдануды қамтамасыз ету мақсатында заңдардың өзгеру динамикасына  судьялардың жедел назар аударуы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.