Қаржы министрлігі ұсынатын электрондық қызметтердің сапасын арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу.
Үкіметінің
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
416-ҚОСЫМША
603 - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту»
деген 116 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1719729 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он тоғыз миллион жеті жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 4-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының 14 облыстарында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту;
2) мониторинг жүйесін құру және бағдарламаны іске асырудың мерзімдік талдауын жүргізу;
3) мамандандырылған оқу орталықтарын құру және АТ-мамандарының біліктілігін жоғарылату;
4) интернет желісіндегі қазақстандық сегментті толықтыру мақсатында ақпараттандыру саласындағы ақпаратты-танымдық бағдарламаларды әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын қоғамдық қолдауды қалыптастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 116 |
| Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту | 1. Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту: 1) "электрондық үкімет" Web-порталында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша оқу-әдістемелік құралдарды және электрондық оқулықтарды орналастыру; 2) компьютерлік сауаттылықтың күрделі деңгейлеріне және олардың басып шығарылуына сәйкес компьютерлік сауаттылықты растайтын құжат түрін әзірлеу және бекіту; 3) халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және бақылау, техникалық құралдарды және лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу және бөлу, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау; 4) Қазақстан аумағындағы 75 компьютер сыныптарында орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлерін оқыту үшін: - техникалық құралдарды сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту (ЖЕЖ); - техникалық жабдықтарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету (ЖТҚ); - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері; 5) Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз халықты және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін Қазақстанның аумағында аумағындағы 300 компьютер сыныптарында оқыту үшін: - жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлік, түкпірлік құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту; - техникалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету; - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері; 6) Қазақстан Республикасының әскери бөлімдерде әскери қызметшілерді 68 компьютерлік сыныптарда компьютерлік сауаттылыққа оқыту үшін: - жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлік түкпірлік құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту; - техникалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету. 7) Балалар үйіндегі 69 компьютер сыныптарда оқыту үшін: - жергілікті есептеу желісі үшін жиынтықталған компьютерлік түкпірлік құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - жергілікті есептеу желісін тарту; - техникалық құралдарға жүйелік техникалық қызмет көрсету; - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері. 8) Қазақстан өңіріндегі 2000 компьютер сыныптарында бюджеттен тыс және өзге де санаттағы азаматтарды бір ай ішінде оқыту үшін: - техникалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету; - Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері. 2. Мониторингі жүйесін құру және бағдарламаны іске асырудың мерзімдік талдауын жүргізу: 1) Халықтың компьютерлік сауаттылығының көрсеткішін әкімдердің қызметін рейтингілік бағалау жүйесіне қосу; 2) халықты компьютерлік сауаттылыққа оқытудың нәтижесінің талдау және оны одан әрі тиімді оқыту жөніндегі ұсынысты қалыптастыру. 3) Қазақстан халқының өмірінде Интернеттің маңыздылығының дәрежелері мен өлшемдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізу және Интернет қызметтеріндегі халықтың қызығушылығын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды өңдеу; 4) Қазақстанда ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға қатысу үшін жеке бизнесті тарту тетігін әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізу. 3. Отандық АТ-мамандарды дайындау: 1) Менеджменттер мен ақпараттық технологиялар саласында қашықтықтан және күндізгі оқытудың оқу-консалтингтік орталығын құру: - техникалық құралдарды сатып алу; - бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; - қашықтықтан және күндізгі оқу үшін әдістемелік материалдарды әзірлеу; 2) ақпараттық технологиялардың қазақстандық ақпараттық-білім Интернет-университетін ұйымдастыру: - сертификатталған электрондық курстардың бағдарламалық қамтамасыз етуін сатып алу; - веб-сайтты әзірлеу және оның алғашқы толықтырылуы. 4. Ақпаратты-коммуникациялық технологияларды (АКТ) игеруді азаматтардың қызығушылығын қалыптастыру: 1) ақпаратты-танымдық, ақпараттық іздеу порталдарында ақпараттық ресурстардың зияткерлік іздестіру жүйесін әзірлеу және ақпараттық қамтамасыз ету; 2) ақпараттық технологиялар саласында ақпаратты-танымдық веб-порталды құру және жаңалануын қамтамасыз ету. 5. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бағдарламаның іс-шараларының орындалуына қоғамдық қолдауды қалыптастыру: 1) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету жөніндегі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бейне конференцияларды, семинарларды өткізу; 2) Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының іс-шараларын іске асыру барысында БАҚ (жарнамалық материалдар, РR-мақалалар, ТД-роликтері, презентациялық фильмдер, баспаматериалдары - үндеу хаттар, плакаттар және веб-сайттар) Веб-сайттар, "дөңгелек үстел" конференциялар арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде жария етуді ұйымдастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
1) Қазақстан Республикасының 14 облыстарында, Астана, Алматы қалаларында халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту 3% кем болмайды;
2) отандық АТ-мамандарының дайындау және біліктілігін жоғарылату үшін жағдай жасау;
3) халық үшін Интернет желісіндегі ақпараттарды ыңғайлы және сапалы іздестіру;
4) веб-портал арқылы ақпараттық технологиялар саласында жаңаланған және танымды ақпараттарды халыққа ұсыну;
5) Қазақстан Республикасында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық теңсіздікті төмендетудің бағдарламасының іс-шараларының іске асыру барысын ірі ауқымды баяндау.