«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1319 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысын» деген сөздер «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 15-бабын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңінде радиациялық қатер аймақтарында және жеңілдетілген әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы (бұдан әрі - өтемақы) төлеуді қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Егер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары арнайы комиссиялардың жұмыс органы болып белгіленген жағдайда, зейнеткерлердің (жұмыс істейтін зейнеткерлерді қоса алғанда), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін азаматтардың іс қағаздарының макеттерін тіркеу 4-қосымшаға сәйкес Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналында жүзеге асырылады.
Азаматтардың өтемақы тағайындау туралы жеке өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде өтемақы тағайындау туралы өтінішпен және қажетті құжаттармен өтініш беру үшін басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен берілген, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушінің жеңілдіктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлікпен қатар, мыналар тиісті радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін және кезеңін растайтын құжаттар болып табылуы мүмкін:»;
6) тармақша алынып тасталсын;
10-тармақтың екінші, үшінші, төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтың өтемақы сомалары бюджет қаражатымен расталмағандықтан, ол бойынша өтемақыны есептеу жүргізілмеген теңгерімнен тыс арнайы шоты болған кезде арнайы комиссия шешімде банктегі мұндай шотты жабу қажеттігі туралы көрсетеді және бұл мәліметтерді банкке тізім бойынша береді.»;
«Өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобаларында теңгерімнен тыс арнайы шотқа есептелген сома ескеріле отырып, төленетін өтемақы сомасы көрсетіледі.» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Ic қағазының макетін дайындау барысында теңгерімнен тыс арнайы шотта есепте тұрған не нақты төленген өтемақы сомасы анықталған жағдайда, өтемақы тағайындау туралы шешімдердің жобасында анықталған өтемақы сомасын қоспағанда, (теңгерімнен тыс шотта нақты есепте тұрған не төленген) төленетін сома көрсетіледі, бұл ретте:
1) төленетін өтемақының есебі былайша жүргізіледі:
аударылған соманың күні бойынша теңгерімнен тыс арнайы шотқа аударылған өтемақы сомасының есебі не өтемақы төлеу жүргізілген айлық есептік көрсеткіш анықталады;
теңгерімнен тыс арнайы шотқа бұрын аударылған не нақты төленген өтемақы сомасы бұрын есептеу жүргізілген айлық есептік көрсеткіш санына ауыстырылады;
төлеу сәтінде қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің шамасын негізге ала отырып есептелген өтемақы сомасы мен оны төлеу (аудару) сәтінде қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің санына ауыстырылған, нақты аударылған (төленген) өтемақы арасындағы айырма түрінде есептелген өтемақы төленуге қойылады;
2) өтемақыны немесе оның бұрын Банкке нақты аударылған бөлігін төлеуді Банк тікелей жүзеге асырады.»;
«радиациялық қатер аймақтары» деген сөздерден кейін «, жеңілдетілген әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақтар» деген сөздермен толықтырылсын;
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының» деген сөздер алынып тасталсын және «Заңында» деген сөз «Заңда» деген сөзбен ауыстырылсын;
Ережеге 4, 5, 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің