«Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті
Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығы
(2007.26.06. берілген өзгерістерімен )
ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 69-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Салық есептілігін жасау ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасы (Мамырбеков Е.З.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.