Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы (Жоба) (2006 жылғы 20 қараша)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың

2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006.20.11 № 1090 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

               Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы

№ ___ Жарлығымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың

2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

 

Астана - 2006 жыл

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Паспорт

2. Кіріспе

3. Туристік саланың қазіргі жай-күйі мен дамуына талдау жасау

3.1 Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

3.2 Халықаралық тәжірибені талдау

3.3 Туристік кластерді құру және дамыту жөніндегі шараларды іске асыру

3.4 Облыстардағы туризм дамуының жай-күйі

3.5. Туризм инфрақұрылымы

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.