2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар) (үзінді) (2007.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Қаржылық-экономикалық нәтиже: белгіленген орынға дейін жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімін қысқарту, көліктік-құрылымдау шығындарын қысқаруы есебінен тауардың өзіндік құнының қысқаруы.

Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне, жасалған келісім-шарттарға, сондай-ақ жасалған келісім-шарттар бойынша қабылданған міндеттемелерге сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

172-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Республикалық маңызы бар автожолдарды күрделі, орташа

және ағымдағы жөндеу, ұстау, көгалдандыру, диагностика

және аспаптық құралдармен тексеру» деген 003 республикалық

бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 20 376 916 мың теңге (жиырма миллиард үш жүз жетпіс алты миллион тоғыз жүз он алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, көгалдандыру, күтіп ұстау, пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстарды, авариялық көпірлерді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік сараптамадан өткізу, жол-құрылыс және мемлекеттік сараптамадан өту, көпірлерді күрделі жөндеу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына арналған жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде:

1) 108 км автожолдарды және 10 көпірді күрделі жөндеу;

2) жолды күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;

3) авариялық көпірді күрделі жөндеуге арналған жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;

4) құбырлар мен көпірлерді жөндеумен кемінде 1589 км орташа жөндеу;

5) ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру, диагностика, республикалық маңыздағы жолдарда автомобиль жолдарына және өндірістік кешендерге жер учаскелерін бөлуді ресімдеу.

Түпкі нәтижесі:

1) қауіпсіз және үздіксіз жүріп өтуді қамтамасыз ету;

2) жүктер мен жолаушыларды белгіленген жерге дейін жеткізу мерзімдерін қысқарту;

3) көлік-құрамдас бөліктік шығындарды қысқарту;

4) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы авариялық учаскелерді азайту;

5) республикалық маңызы бар жолдарда авариялық көпірлердің санын қысқарту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

1) күрделі және орташа жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес конкурс өткізу;

2) қолданыстағы нормаларға сәйкес жолдарды жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізу.

Уақтылығы: жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қаржы жылының ішінде.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

173-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Су жолдарының кеме жүретін жағдайда

болуын қамтамасыз ету және шлюздерді ұстау»

деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 3320865 мың теңге (үш миллиард үш жүз жиырма миллион сегіз жүз алпыс бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ішкі су жолдары туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысы; «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 қыркүйектегі № 901 қаулысы; «Су объектілерін кеме жүзетін су жолдары санатына жатқызу ережесін және кеме жүзуі үшін ашық кеме жүретін су жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 105 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:  республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі су жолдарында кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: навигациялық жабдықтарды қою (алып тастау) және күтіп ұстау, түбін тереңдету (жер қарпу), түзету, түбін тазарту жұмыстарын орындау арқылы кеме жүрісінің кепілдендірілген көлемдерін қамтамасыз ету; кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерді) қауіпсіз жұмыс жағдайында күтіп ұстау.

ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1050 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

ұзындығы 3982 км су жолдары учаскелерінде навигациялық жабдықтың белгілерін қою (алып тастау) және оларға қызмет көрсету;

2838 мың текше м. көлемінде түбін тереңдету (жер қарпу) жөніндегі жұмыстар;

55 мың текше м. көлемінде түзету жұмыстары;

10700 тонна көлемінде түбін тазалау жұмыстары;

188 текше км. көлемінде тазалау жұмыстар;

Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін ұстау және ағымдағы жөндеу;

Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерінің авариясыз жұмысын қамтамасыз ету және терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізу;

Өскемен, Бұқтырма және Шульба шлюздерін қорғау жабдықтарымен жарақтау іс-шаралар;

Шульба шлюздерін пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның ескертулерін жою бойынша іс шаралар;

Ертіс, Қара Ертіс, Жайық, Іле өзендері және Қапшағай су қоймасының ұзындығы 1249 км учаскелерінде арналық жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;

флотты жөндеу: ағымдағы жөндеу 92 бірлік; орташа жөндеу 22 бірлік;

негізгі құралдарды сатып алу "Нива" автомобилі - 2 бірлік; дәнекерлеу трансформаторы - 1 жиынтық; жылжымалы дәнекерлеу агрегаты - 1 жиынтық; құтқару шеңбері - 4 дана; навигациялық жабдық - 8 дана; радиостанция - 4 дана;

мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту бойынша, соның ішінде:

жабдық флоты (3 бірлік);

карчекран (1 бірлік);

жүзу краны (1 бірлік);

қосалқы флоты (1 бірлік);

жоспарлау, дайындық жұмыстары және құрылысты бастау (1 этапы) жер караваны құрамында: өздігінен жүрмейтін жерснаряды (1 бірлік), мотозовозня (1 бірлік), қосалқы флот (4 бірлік).

Соңғы нәтиже:

кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты авариялық жағдайлар санының төмендеуі; кеме қатынасы су жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп ұстауға арыздардың болмауы.

Қаржы-экономикалық тиімділігі:

су жолдарының кеме қатынасы жағдайында болуын қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп ұстау жөніндегі шығын 1 км-ге - 303,3 мың теңге;

Өскемен шлюзін күтіп ұстау шығыны - 148 393 мың теңге;

Бұқтырма шлюзін күтіп ұстау шығыны - 163 707 мың теңге;

Шулба шлюзін күтіп ұстау шығыны - 168 736 мың теңге.

Сапасы және уақтылығы:

алдыңғы жылға қарағанда тасымалданатын жүк көлемінің 40 % өсуі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

174-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылғы арналған

«Әуе көлігі инфрақұрылымын дамыту»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 4831542 мың теңге (төрт миллиард сегіз жүз отыз бір миллион бес жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуежайлар инфрақұрылымы объектілерін дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестікке келтіру үшін Қазақстан Республикасы әуежайларының жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамытуды жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жұмыс кестесіне сәйкес Ақтөбе қаласындағы әуежайдың аэровокзал кешенін қайта жаңарту - жалпы ауданы 7888 шаршы метр, соның ішінде қолданыстағы аэровокзал ауданы - 5000 шаршы метр және жаңадан жобаланған ауданы - 2888 шаршы метр;  Шымкент қаласы әуежайында ұшу-қону жолағын қайта жаңарту - ЖҰҚЖ ұзақтығы 3300 метр, жасанды жамылғылар ауданы 376901,7 шаршы метр.

Түпкі нәтиже: Қазақстанның транзит әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуге, авиакомпаниялардың да және жолаушылардың да сапалы әуежайлық қызметтеріне өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыруға, әуежайлардың негізгі өндірістік қорларын қайта жаңарту және жаңарту есебінен ұшу қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге  қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтық авиация әуежайларының желісін құру; Қазақстан Республикасының әуежайлары арқылы жолаушылар ағынын және жүк ағынын ұлғайту; отандық және шетелдік авиакомпаниялар орындайтын халықаралық та және ішкі де ұшулардың географиясын ұлғайту; Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық нормаларға жауап беретін жердегі инфрақұрылым деңгейін көтеру.

Уақтылығы: жұмыстар жүргізу кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

175-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Азаматтардың жекелеген санаттарына жол жүру төлемдерінің

ұсынылған жеңілдіктері бойынша өткен жылдардың міндеттемелері»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 1192 мың теңге (бір миллион бір жүз тоқсан екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеңілдік қызметтегі кәсіпорындардың несиелік берешегін өтеу.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Жеңілдік қызмет көрсеткен кәсіпорындардың несиелік берешегін өтеу.

Түпкі нәтижесі: кәсіпорындардың жағдайларын жақсарту.

Уақтылығы: қаржыландыру жоспарына сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

176-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Әлеуметтік маңызы бар облысаралық бағыттар бойынша

темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялау»

деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 9430276 мың теңге (тоғыз миллиард төрт жүз отыз миллион екі жүз жетпіс алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысы; «Әлеуметтік мәні бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1185 қаулысы; «Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол тасымалдарына қажеттіліктерін қанағаттандыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын жабу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әлеуметтік мәні бар облысаралық және халықаралық қатынастар бойынша жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру.