2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар) (үзінді) (2007.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Соңғы нәтижесі: Қазақстан Республикасы тұрғындарының темір жол көлігімен тасымалдарға қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жолаушы тасымалдаушылардың шығындарын өтеуді және тұрғындардың темір жол көлігімен жүруге қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Уақтылығы: жыл бойы.

Сапасы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажын тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушыларға үздіксіз және қауіпсіз қызмет көрсету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

177-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Көлік және коммуникация саласындағы қолданбалы ғылыми

зерттеулер» деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 108142 мың теңге (бір жүз сегіз миллион бір жүз қырық екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы; «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы; «Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі № 566 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 мамырдағы № 726 қаулысы; «Қазақстан Республикасы мемлекеттік көлік саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 801 қаулысы; «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 1385 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 Қаулысы; «Отандық, өңірлік және жаһандық нарықтардың қажеттіліктеріне бағытталған зерттеулерді жүргізудің, орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада республикада дамытылуы мүмкін тауарлар мен қызметтер өндірісін айқындаудың 2007-2008 жылдарға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 487 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың көлік магистралдары бойынша транзиттік және экспорттық-импорттық тасымалдардың көлемін көбейту және тиімділігін арттыру үшін Қазақстанның транзит-көлік әлеуетін жетілдіру мен дамытуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық, экономикалық және қаржылық сипаттағы өзекті өзара байланысқан шаралардың кешенін белгілеу және іске асыру, сондай-ақ осы шараларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды нақтылау және оларды жүзеге асырудың орынды кезеңділігін белгілеу; автожол және автомобиль саласы қызметінің тиімділігін арттыру; темір жол көлігімен қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының тұрғындарына және экономика салаларына қызмет көрсету сапасын және тиімділігін жоғарылату; Қазақстан Республикасының экономика салаларына және халыққа автомобиль көлігімен қызметтер көрсету кезінде қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетінің қазіргі жай-күйін талдау, транзит-көлік әлеуетті дамыту бойынша негізгі бағыттар мен іс-шараларды пысықтау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру; қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу, халықаралық талаптарға сәйкес автожол және автомобиль саласындағы ұлттық нормативтік-техникалық құжаттарды пысықтау және жетілдіру; темір жол тасымалдарын орындау кезінде қызмет көрсету сапасын арттыру және тасымалдау қауіпсіздігін арттыру үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, автомобиль тасымалдарын орындау кезінде тасымалдау қауіпсіздігін және экологиялық қауіпсіздікті жоғарылату, автомобиль көлігі қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автожол саласында 9 тақырып бойынша, автомобиль көлігі саласында 8 тақырып бойынша, транзит әлеуеті саласында 5 тақырып бойынша және 2 тақырып бойынша темір жол көлігі саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Түпкі нәтиже: көлік секторының транзиттік мүмкіндіктерін анықтау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін қорытындылау, транзит-көлік әлеуетін одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірлеу, мультимодальды тасымалдаудың мүмкіндіктерін және даму жолдарын анықтау, көліктік құрауышты төмендету, тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету, ішкі және сыртқы рыноктарда отандық тауарлардың бәсекелестігін жоғарылату жөнінде ұсыныстар; жол жұмыстарының құнын төмендету және автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және пайдалану сапасын арттыру; темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау көлемін арттыру жөнінде іс-шаралар дайындау; автокөлікпен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау көлемін 1,7 пайызға арттыру, автомобильдерді пайдалану кезінде зиянды газдардың шығарылуын 2-3 пайызға төмендету; халықаралық тасымалдарды орындайтын автокөлік құралдарының санын 5-10 пайызға арттыру.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізудің орташа құны 4 506 мың теңге.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес бір жылдың ішінде.

Сапасы: көлікті одан әрі оңтайлы дамыту және шекараны кесіп өтуді оңайлату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту, соның ішінде транзиттік тасымалдардың мультимодальды және интермодальды жүйелерінің тетіктерін енгізу жөнінде бес ғылыми негізделген ұсыныс әзірлеу. Орындалған жұмыстардың сапасы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ғылыми-сараптау кеңесінің қорытындысымен анықталады; жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының және жасанды құрылыстардың ұзақтығын және сенімділігін арттыру; қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жолаушылар мен жүктер тасымалының сапасын арттыруға ықпал етеді; қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жолаушыларды және жүктерді тасымалдау сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл автомобиль тасымалдарының табыстылығын 3,2 пайызға және пайдалылығын 2,4 пайызға арттыруға және автомобиль санын 3,7 пайызға көбейтуге септігін тигізеді.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

178-ҚОСЫМША

 

215 - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Темір жол саласының стандарттарын әзірлеу»

деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 65077 мың теңге (алпыс бес миллион жетпіс жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: темір жол көлігі кәсіпорындары көрсететін қызметтер сапасын арттыру үшін жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: темір жол көлігі саласындағы стандарттау жөніндегі стандарттар мен нормативтік құжаттар кешенін жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: темір жол саласының 100 стандартын әзірлеу және бекіту.

Соңғы нәтиже: жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға және темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметін пайдаланатын басқа да пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: бір стандартты әзірлеуге арналған орташа шығындар 657,38 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: жыл бойы.

Сапасы: МемСТ талаптарына сәйкес болу.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

179-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар

автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге берілетін

ағымдағы нысаналы трансферттер»

деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 6 000 000 мың теңге (алты миллиард теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: облыстық және райондық маңызы бар автокөлік жолдарының учаскелерін күрделі жөндеу

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 222 км. жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу.

Соңғы нәтижесі: облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары желісінің жай-күйін жақсарту.

Уақтылығы: жұмыс жүргізу кестесіне және жасалған келісім-шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

180-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Ішкі суларда жүзетін «өзен-теңіз» кемелерін жіктеуді және

олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 44 057 мың теңге (қырық төрт миллион елу жеті мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Кеме қатынасының тіркелімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы № 142 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі суда жүзу кемелерінің және «өзен теңізде» жүзу кемелерінің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Тиесілігі мен меншік түріне қарамастан, ішкі су жолдарында пайдалануға арналған, ішкі суда жүзу кемелерін және «өзен-теңізде» жүзу кемелерін жіктеу және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 22 адам штат санын күтіп-ұстау; шамамен 400 бірлік кемелерді жіктеу және куәландыру; шетелге мамандардың шығуымен бірге шетелдік техникалық қадағалау және сыныптау органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Түпкі нәтиже: кеме қатынасы процесіне қатысатын кемелердің және басқа да инженерлік құрылыстардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің "Кеме қатынасының тіркелімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жақсарту, 1 кемеге жіктеу мен куәландыру жүргізу үшін орташа шығындар шамамен 83,8 мың теңгені құрайды.

Уақтылығы: белгіленген мерзімде кемелерді, басқа құрылыстар мен объектілерді техникалық куәландыруды жүргізу.

Сапасы: Ішкі суларда жүзетін және "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің авариясыз жұмыс істеуі.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

181-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Көліктік дерекқор және тасымалдар қауіпсіздігі серпіні

мониторингінің ақпараттық талдау жүйесін құру»

деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 172503 мың теңге (бір жүз жетпіс екі миллион бес жүз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2003 жылғы 7 қаңтар; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2003 жылғы 8 мамырдағы; «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 377 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: транзиттік дәліздерге түсетін жүктемені болжау және басқармалық шешімдерді қолдау мақсатын іске асыратын көліктік дерекқор және тасымалдар қауіпсіздігі серпіні мониторингінің ақпараттық талдау жүйесін құру.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау бойынша деректер қорын жинау, өңдеу және сақтау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 42 өткізу бекеті, Қазақстан Республикасының аумағындағы 25 ішкі посттар арқылы автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар туралы жедел, нақты ақпаратты алу; көліктік бақылау посттарында бақылауды жүргізу уақытын 3 сағаттан 45 минутқа дейін қысқарту; бақылауды автоматтандыру, көлік құралдарының есептілігін есепке алу және жүргізу; каботаж тасымалдарын анықтау.

Түпкі нәтиже: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау бойынша орталықтандырылған дерекқорды одан әрі дамыту жолымен республика аумағында транзиттік тасымалдар қауіпсіздігінің тиімділігін және деңгейін көтеру.