ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1050 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын жеті (7) авиабағыт;
үш (3) облыс орталығын өзара қосатын екі (2) авиабағыт бойынша тұрақты авиатасымалдарды қамтамасыз ету
Түпкі нәтиже: ішкі бағыттарда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және орташа өлшенген жолаушылар сыйымдылығын астананы облыс орталықтарымен байланыс бойынша ұшуларды орындау кезінде 65-70 пайызға және облыс орталықтарын байланыс бойынша ұшуларды орындау кезінде 20-25 пайызға дейін ұлғайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарлы сыйымдылық есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі облыс орталықтарымен байланыс рейстерінде 100 млн. теңгені және облысаралық орталықтардың байланыс рейстерінде 10,58 млн. теңгені құрайды.
Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес 9 авиабағыт бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыру.
Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
185-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су көлігі инфрақұрылымын дамыту»
деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 158310 мың теңге (бір жүз елу сегіз миллион үш жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: теңіз және ішкі су көлігі кемелеріне қауіпсіз және үздіксіз қызмет көрсету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін су көлігі инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су көлігін дамыту және функциялауды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Каспий теңізі Түпқараған шығанағының жағалау айдынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру бойынша жұмыс көлемін орындау:
жалпы ауданы 153,76 шаршы метр навигациялық мұнараны;
жалпы ауданы 28,8 шаршы метр КҚБЖ ОБ контейнерін;
жалпы ауданы 15,14 шаршы метр АДЭС контейнерлік модулін;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр метеостанция мачтасын;
жалпы ауданы 2,25 шаршы метр толқын өлшеуішті салу.
Түпкі нәтиже: су көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
186-ҚОСЫМША
215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы
даму трансферттері» деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 78226636 мың теңге (жетпіс сегіз миллиард екі жүз жиырма алты миллион алты жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Ертіс өзеніне салынатын көпірдің жобасын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.10.12. № 11209 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: