2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі) (ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 170-187-қосымшалар) (үзінді) (2007.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Предыдущая страница

Уақтылығы: жыл бойында жоспарланған іс-шараларды және кесте мен жасалған шарттарға сәйкес қойылған міндеттерді уақтылы орындау.

Сапасы: көліктің барлық түрлерімен тасымалдау саласындағы барлық мүдделі тұлғалар үшін жедел және сапалы ақпаратты ұсыну.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

182-ҚОСЫМША

 

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындаудың сапасын

қамтамасыз ету» деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 229365 мың теңге (екі жүз жиырма тоғыз миллион үш жүз алпыс бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу сапасын қамтамасыз ету, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу жөніндегі орындалған жұмыстардың және қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылауды жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының, қайта жаңартылатын пайдалануға енгізілетін учаскелерде, сондай-ақ ауыспалы жобалар бойынша ұзақтығы 277 км. қайта жаңартылатын учаскелерде қолданылатын жол-құрылыс материалдарының және 1697 км. жөндеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.

Соңғы нәтиже: жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын, сондай-ақ қолданылатын жол-құрылыс материалдарының сапасын арттыру есебінен автомобиль жолдары қызметінің нормативтік мерзімін қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық тиімділігі: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 км. сапасын бақылауды жүргізу үшін шығындар орташа есеппен 9756 теңгені құрайды.

Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес белгіленген мерзімде орындалатын жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын ұдайы бақылау.

Сапасы: құрылыс нормаларына және ережелеріне (ҚНжЕ) сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

183-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Қазавиализинг» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»

деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 1874425 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жетпіс төрт миллион төрт жүз жиырма бес мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «ҚазАвиаЛизинг» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 мамырдағы № 601 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әуе кемелеріне, жолаушыларға, багажға, жүкке қызмет көрсету сапасын арттыру және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Қазавиализинг» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту; кейіннен Қазақстан Республикасының әуежайларына операциялық және (немесе) қаржылық лизингке берумен арнайы техниканы сатып алу.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кейіннен Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайларына операциялық және (немесе) қаржылық лизингке берумен әуе кемелеріне қызмет көрсету және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы техниканы сатып алу.

Түпкі нәтиже: әуе кемесіне, жолаушыларға, багажға, жүкке қызмет көрсету сапасын жақсарту және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Уақтылығы: іс-шаралар бағдарлама паспортында белгіленген мерзімде орындалады.

Сапасы: халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормаларына сәйкес.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

184-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Жүйелі ішкі авиатасымалдарды субсидиялау»

деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 642000 мың теңге (алты жүз қырық екі миллион теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 9-бабы; «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабы; «Авиабағыттарға субсидияларды жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 тамыздағы № 915 қаулысы; «Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 632 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1050 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалалармен әуе бойынша қосу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының облыс орталықтарын қосу орташа статистикалық тұтынушылар үшін әлеуметтік маңызы бар рейстер бойынша авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: орташа статистикалық тұтынушы үшін жүйелі ішкі авиатасымалдарға авиакөлік қызметтеріне қол жеткізілімдігін субсидиялау көлемін кезең-кезеңмен төмендетуге бағытталған икемді тариф жүйесін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету.

ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1050 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.11. № 1050 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:

Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласын Қазақстанның облыс орталықтарымен және ірі қалаларымен қосатын жеті (7) авиабағыт;

үш (3) облыс орталығын өзара қосатын екі (2) авиабағыт бойынша тұрақты авиатасымалдарды қамтамасыз ету

Түпкі нәтиже: ішкі бағыттарда тұрақты жолаушылар ағынын қамтамасыз ету және орташа өлшенген жолаушылар сыйымдылығын астананы облыс орталықтарымен байланыс бойынша ұшуларды орындау кезінде 65-70 пайызға және облыс орталықтарын байланыс бойынша ұшуларды орындау кезінде 20-25 пайызға дейін ұлғайту.

Қаржы-экономикалық нәтиже: жоспарлы сыйымдылық есебінен бір авиабағытқа субсидияның орташа жылдық көлемі облыс орталықтарымен байланыс рейстерінде 100 млн. теңгені және облысаралық орталықтардың байланыс рейстерінде 10,58 млн. теңгені құрайды.

Уақтылығы: уәкілетті органдар бекіткен кестеге сәйкес 9 авиабағыт бойынша тұрақты рейстерді жүзеге асыру.

Сапасы: жолаушыларға қызмет көрсету ережесіне сәйкес сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

185-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Су көлігі инфрақұрылымын дамыту»

деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 158310 мың теңге (бір жүз елу сегіз миллион үш жүз он мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: теңіз және ішкі су көлігі кемелеріне қауіпсіз және үздіксіз қызмет көрсету үшін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін су көлігі инфрақұрылымын дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: су көлігін дамыту және функциялауды қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ Каспий теңізі Түпқараған шығанағының жағалау айдынында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Маңғыстау облысы Түпқараған шығанағында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру бойынша жұмыс көлемін орындау:

жалпы ауданы 153,76 шаршы метр навигациялық мұнараны;

жалпы ауданы 28,8 шаршы метр КҚБЖ ОБ контейнерін;

жалпы ауданы 15,14 шаршы метр АДЭС контейнерлік модулін;

жалпы ауданы 2,25 шаршы метр метеостанция мачтасын;

жалпы ауданы 2,25 шаршы метр толқын өлшеуішті салу.

Түпкі нәтиже: су көлігі инфрақұрылымын дамыту үшін объектілерді пайдалануға беру.

Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.

Сапасы: құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

186-ҚОСЫМША

 

215-Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының

бюджеттеріне көліктік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы

даму трансферттері» деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Құны: 78226636 мың теңге (жетпіс сегіз миллиард екі жүз жиырма алты миллион алты жүз отыз алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Жапонияның Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық Қоры мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ертіс өзеніне салынатын көпір құрылысының жобасы бойынша Қарыз туралы 1997 жылғы 12 наурыздағы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 12 мамырдағы Заңы; «Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; «Ертіс өзеніне салынатын көпірдің жобасын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 тамыздағы № 1212 қаулысы; «Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын және жолдарын 2010 жылға дейін дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысы; «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227 қаулысы; «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз жүруін қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін автомобиль жолдарын қалпына келтіру және дамыту.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.10.12. № 11209 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары: