7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: табиғи кешеннің сақталуын және экожүйенің: 75 га алаңында ағашты санитарлық шабу, 25 га алаңында ағаш отырғызу, 125 км минералдандырылған жолақ орналастыру, 2330 км минералдандырылған жолақты күту, 83 511 ға алаңында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз ету.
Сатып алу: катер - 1 бірлік, автокөлік КАМАЗ - 1 бірлік, УАЗ-31512 - 2 бірлік, турбоаэратор - 1 бірлік, мотоцикл - 4 бірлік, косилка - 1 бірлік, компьютер - 6 бірлік.
Соңғы нәтиже: парктің аумағындағы 83,5 мың гектар алаңның табиғи кешенінің және экожүйесінің сақталуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: күзетілетін 1 гектар алаңды күзету шығындары 2 000, 6 теңге.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды жыл бойы орындау.
Сапасы: орта жылдық көрсеткішпен салыстырғанда өрттің салдарынан 10 пайыз алаңның азаюы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
458-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерін
салу және реконструкциялау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 12608088 мың теңге (он екі миллиард алты жүз сегіз миллион сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Астананың инфрақұрылымын дамыту және Қазақстан Республикасының абыройын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы объектілерінде құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы жүргізу жағдайын қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 30000 көрерменге арналған жабық стадион, Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай поселкесінің мұражай аумағындағы визит-орталығы, дизельдік шағын станция, Үкімет үйі мен министрліктер үйі ғимараттары арасындағы өткел құрылысын аяқтау, Есіл өзенінің сол жағалауындағы қосымша үй-жайларымен 400 жеңіл автомобильге арналған жабық гараж, авиациялық техника тұрағы және "Бүркіт" авиакомпаниясының техникалық ғимаратын салу мыналар бойынша мемсараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама:
Астана қаласында № 31 және № 35 көшелерінің ауданында Есіл өзенінің сол жақ жағалауындағы көп бейінді клиникасы бар диагностикалық орталық, Астана қаласындағы 240 орынға арналған балабақша, Ақмола облысының Целиноград ауданы Красноярка ауылының аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөнінде ауыл шаруашылығы кластерін салу, Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Алматы» санаторийін қайта жаңарту және кеңейту;
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қызыл Жар» резиденциясының аумағындағы Есіл өзенінің арнасын қайта жаңартуды аяқтау, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұра» резиденциясының № 1 учаскесін абаттандыру, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайын салу, А-319 әуе кемесіне авиациялық ангар салу
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының абыройын арттыру мақсатында объектілерді пайдалануға беру, мемлекеттік органдарды жаңа, қазіргі заманғы ғимараттармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: экономикалық тиімділік Астананың инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру бойынша іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізіледі.
Уақтылығы: бекітілген шартқа және жоспар-кестесіне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
459-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 560 024 мың теңге (бес жүз алпыс миллион жиырма төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: орталық мемлекеттік органдарға сапалы және уақытында көлік қызметін көрсетуді қамтамасыз ету. Ресми іс-шараларға қазіргі заманғы деңгейде көлік қызметін көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: автомашина паркін жоспарлы жаңарту мақсатында автокөлікті орталықтандырып сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: автокөлік паркін 45 кем емес бірлікпен толықтыру.
Түпкі нәтиже: орталық мемлекеттік органдарға сапалы, қауіпсіз және уақытында көлік қызметін көрсету мақсатында жоспарлы түрде автокөлік паркін жаңарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір бірлік автокөліктің құны жоспарланған шығын шегінде 25045,0 мың теңге.
Уақтылығы: автокөлікті белгіленген кестеге сәйкес жеткізу.
Сапасы: орталық мемлекеттік органдарға көлік қызметін көрсету сапасын және материалды-техникалық деңгейін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
460-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Дәрігерлерді шетелдерде қайта даярлау және мамандандыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7935 мың теңге (жеті миллион тоғыз жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасын арттыру үшін шетел клиникаларында медициналық қызметкерлердің теориялық және практикалық іскерлігі мен дағдыларын жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: медициналық орталықты денсаулық сақтаудың әлемдік стандарттары бойынша қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын меңгерген жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: медициналық мекемелердің шетелде кәсіби деңгейін арттыру және мамандандыру бойынша өткен дәрігерлер саны - 13 бірлік.
Түпкі нәтиже: медицина ғылымы мен тәжірибесінде әлемдік жетістіктер деңгейінде қызмет етуге мүмкіндік беретін медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Күтілетін медициналық инновациялардың орташа саны 15 бірлік.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір дәрігерді шетелдік жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қайта даярлау мен маманданудан өтудің орташа шығыны 610,4 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шаралары бекітілген келісім-шарттарға сәйкес уақытында орындау.
Сапасы: медициналық орталықтың жұмыскерлерінің біліктілігін және кәсіби деңгейін арттыру, жаңа медициналық технологияларды профилактикада, диагностикада, емдеуде және аурудың жазылуына енгізу арқылы тіркелген құрамға медициналық қызмет көрсету сапасы мен деңгейін арттыру. Медициналық орталықтың 3,5 пайыз дәрігерлері кәсіби деңгейлерін шетелде арттырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
461-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Күйгенжар» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 522088 мың теңге (бec жүз жиырма екі миллион сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелес арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: шарттық міндеттерді орындау деңгейі - 100 пайыз.
Түпкі нәтиже: "Күйгенжар" АҚ қаржылық жағдайын сауықтыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: "Күйгенжар" АҚ табысын және тиімділігін арттыру.
Уақтылығы: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қазіргі заманғы жаңа технологияларды енгізу.
Сапасы: шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
462-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені»
КАҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 тамыздағы Заңның 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін баяндау арқылы халық арасында патриотизмді насихаттау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: республикалық және шетелдік жаңалықтар сюжеттерін күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті үшін жаңалықтар блогын әзірлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: республикалық және шетелдік жаңалықтар сюжеттерін күн сайын бақылауды қамтамасыз ету және соның негізінде Қазақстан Республикасының Президенті үшін жаңалықтар блогын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: Мемлекет Басшысының қызметіне, оның ел аймақтары бойынша жұмыс сапарларына және өзге де маңызды іс-шараларына сапалы және жедел ақпараттық қызмет көрсету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: компьютерлік жабдықтың орташа құны - 7142,9 мың теңге.
Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру арқылы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халыққа толық ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1225 қаулысына
463-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Министрліктер үйі» әкімшілік ғимаратын ұстау»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2 185 049 мың теңге (екі миллиард бір жүз сексен бес миллион қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.